Мұғалімнің мүмкіндіктері

Мектеп мұғалімдеріне пән сабақтарының электрондық журналды жүргізу, оқушылардың үлгерімін бақылау және бағалау, есептер мен оқу материалдарын автоматтандыру процесстері қолжетімді.

Толығырақ

Ата-ананың мүмкіндіктері

Ата-аналар балаларының үлгерімін онлайн қадағалап, пәндер бойынша оқу-тапсырма материалдарымен танысып, мектеппен және мұғалімдермен онлайн түрде байланыста бола алады.

Толығырақ

Мектеп басшылығының мүмкіндіктері

Мектептегі оқу-тәрбие үдерістерін басқару, тағайындау, сыныптарда білім сапасының орындалуын бақылау, мониторинг жүргізу және статистикалық есептерді алу мүмкіндіктері қолжетімді.

Толығырақ

Техникалық қолдау қызметі

Біз сіздің сұрақтарыңыз бен өтініштеріңізге жауап беруге әрқашан дайынбыз. Сұрауларыңызды біздің анықтамалық сайт арқылы жібере аласыз.

Support.edus

OK.EDUS

оқушыға арналған портал

Қымбатты оқушы! Егер сен оқитын мектеп осы EDUS Mektep білім беру платформасына қосылған болса, онда сенде оқу материалдарын онлайн игеруге тамаша мүмкіндік бар.

Мұнда сенің оқу күнделігің, сабақтар кестесі, пәндер мен үй тапсырмалары, өз бетінше оқу ресурстары, сыныптастарың мен мұғалімдерің қамтылған. OK.EDUS-ке қош келдің!

OK.EDUS порталына өту

Мұғалімдер үшін мобильді қосымша

Ата-аналар үшін мобильді қосымша

Оқушылар үшін мобильді қосымша

Мектепке арналған EDUS білім платформасы - электрондық жүйе

Мектептегі оқу-білім процестерін автоматтандыруға көмектеседі, мұғалімдердің, оқушы және ата-ана жұмысын электронды цифрлық форматта жүргізуге мүмкіндік береді

Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі

24.09.2013 | 72

XV халықаралық тілдер фестивалінің аясында өткен «Әбіш оқулары» байқауы туралы

Мәнерлеп оқи білетін дарындыларды іріктеу мақсатында өткізілген «Әбіш оқулары» сайысының ережесіне сәйкес сайыскерлердің шеберлігін анықтайтын төмендегі бөлімдер бойынша сараптаудан өткізілді.

Маңғыстау облысының білім басқармасының 2013 жылдың

23 қыркүйегіндегі №169 НҚ бұйрығына сәйкес белгілі қоғам қайраткері Қазақстан Халық жазушысы Әбіш Кекілбаев шығармаларын таныту, жазушының ой орамдарын, сөздерді қолдану жүйесін түсіну, мәнерлеп оқи білетін дарындыларды іріктеу мақсатында өткізілген «Әбіш оқулары» сайысының ережесіне сәйкес сайыскерлердің шеберлігін анықтайтын төмендегі  бөлімдер  бойынша  сараптаудан өткізілді.      

         1. Ә. Кекілбаев шығармаларынан ана туралы толғау оқу;

         2. Ә. Кекілбаев шығармаларынан диалог оқу;

         3. Жылдамдық сұрақтары(Жазушы өмірбаянынан, отбасы туралы);

Байқауға қала, аудан мектептерінен  18 оқушы қатысты.

 Әділқазылар алқасының шешімі бойынша төмендегі оқушылар жеңімпаз атанды:

 Бас жүлде : Маңғыстау ауданы  Шетпе лицейінің 11 сынып оқушысы Әбдіраман Назира, Оңды аулы мектебінің 10 сынып оқушысы Арғын Қосай,

10 сынып оқушысы Мұрат Рауан;

І орын: Түпқараған ауданы №1 мектеп – лицейінің 10 сынып оқушылары Жәңгірханов Жасұлан, Жантаңатова Назарке;

ІІ орын: Қарақия ауданы мектеп гимназиясының оқушылары Қаржаубаева Арайлым, Набиханова Гүлназ және Жаңаөзен қаласының мектеп- лицейінің 11 сынып оқушысы Көптілеуова Мөлдір, Жаңаөзен қаласының №7 орта мектебінің 11 сынып оқушысы нұров Ерболат;

ІІІ орын: Мұнайлы ауданы  №2 орта мектептің 10 сынып оқушысы Әділбаева Зейнеп, Мұнайлы ауданы  №6 орта мектептің 11 сынып оқушысы Нұхы Жамбыл және Ақтау қаласының №13 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Бектұрғанова Әсел, №16 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Аязбаев Жасұлан;

 Ынталандыру :Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мектеп- интернатының 10 сынып оқушылары Алиева Айкерім, Мұрат Жарқынбек.  

Сайыс  жеңімпаздары облыстық білім басқармасының дипломы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Туындаған сұрақтарыңыз бар ма? Қолдау қызметіне хабарласыңыз

Өлкемізбен танысайық

Маңғыстау өңіріне арналған танымдық онлайн жоба: Интерактивтік карталар, виртуалды 3D-саяхат, бейне-материалдар, ғажайып өлкенің тарихы туралы мағлуматтар.

Ресурсқа өту »