Мұғалімнің мүмкіндіктері

Мектеп мұғалімдеріне пән сабақтарының электрондық журналды жүргізу, оқушылардың үлгерімін бақылау және бағалау, есептер мен оқу материалдарын автоматтандыру процесстері қолжетімді.

Толығырақ

Ата-ананың мүмкіндіктері

Ата-аналар балаларының үлгерімін онлайн қадағалап, пәндер бойынша оқу-тапсырма материалдарымен танысып, мектеппен және мұғалімдермен онлайн түрде байланыста бола алады.

Толығырақ

Мектеп басшылығының мүмкіндіктері

Мектептегі оқу-тәрбие үдерістерін басқару, тағайындау, сыныптарда білім сапасының орындалуын бақылау, мониторинг жүргізу және статистикалық есептерді алу мүмкіндіктері қолжетімді.

Толығырақ

Техникалық қолдау қызметі

Біз сіздің сұрақтарыңыз бен өтініштеріңізге жауап беруге әрқашан дайынбыз. Сұрауларыңызды біздің анықтамалық сайт арқылы жібере аласыз.

Support.edus

OK.EDUS

оқушыға арналған портал

Қымбатты оқушы! Егер сен оқитын мектеп осы EDUS Mektep білім беру платформасына қосылған болса, онда сенде оқу материалдарын онлайн игеруге тамаша мүмкіндік бар.

Мұнда сенің оқу күнделігің, сабақтар кестесі, пәндер мен үй тапсырмалары, өз бетінше оқу ресурстары, сыныптастарың мен мұғалімдерің қамтылған. OK.EDUS-ке қош келдің!

OK.EDUS порталына өту

Мұғалімдер үшін мобильді қосымша

Ата-аналар үшін мобильді қосымша

Оқушылар үшін мобильді қосымша

Мектепке арналған EDUS білім платформасы - электрондық жүйе

Мектептегі оқу-білім процестерін автоматтандыруға көмектеседі, мұғалімдердің, оқушы және ата-ана жұмысын электронды цифрлық форматта жүргізуге мүмкіндік береді

Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі

24.06.2015 | 34

Маңғыстау облысының білім басқармасы бойынша инклюзивті білім беру мәселесі бойынша мәлімет

Қазіргі таңда мектепке дейінгі 3 арнайы балабақшада 372 бала және Ақтау қаласындағы №16 мектепке дейінгі ұйымда 30 бала инклюзивтік 2 топта тәрбиеленуде. Барлық білім беру мекемелерінде мектеп жасына дейін мүмкіндігі шектеулі балалардың жүріп, тұруына арналған жағдайлар қарастырылуына назар аударылып, жұмыстануда (пандус, стол, парта, табалдырықтар, т.б.).

1.1 Маңғыстау облысының білім басқармасына қарасты 131 күндізгі білім беретін (106542 бала), 4 жеке меншік мектеп (373 бала), 6 кешкі сменалық мектепте мектепте(752 бала) барлығы 107667 бала білім алуда. Мүмкіндігі шектеулі бала саны - 257. Оның 1 сыныпта-28, 2 сыныпта -27, 3 сыныпта-27, 4 сыныпта-35, 5 сыныпта-18, 6 сыныпта-32, 7 сыныпта-28, 8 сыныпта-29, 9 сыныпта-33. Бұл сыныптардағы білім Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде оқыту үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС1.4.002-2012) негізінде, ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 және 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларыжәне ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта мектептің оқу бағдарламалары мен мектепалды даярлық сыныптарына арналған оқу бағдарламалары («Біз мектепке барамыз», 2010 ж.) арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық- педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Заңына сәйкес облыста 11 арнайы білім ұйымы: 2 облыстық, аймақтық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (Ақтау, Жаңаөзен), оңалту орталығы (Жаңаөзен қаласы), психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (Маңғыстау, Бейнеу аудандары), 5 арнайы (түзету) білім беру мекемелері (А(т)МБ №1,2,4,5, А(т)М №3) және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық мектеп – интернаты жұмыс жасап келеді, дамуында әртүрлі бұзылушылықтары бар мүмкіндіктері шектеулі 738 балаларға медициналық көмек беріліп, білім алады.

Сонымен бірге жалпы білім беретін 15 мектепте 24 арнаулы сыныптар ашылып, онда 128 бала тәрбиеленеді. Облыста мүмкіндіктері шектеулі балаларды мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың отбасын психологиялық-педагогикалық қолдауды ерте ұйымдастыруда толыққанды әлеуметтік интеграциялау бағытында жұмыстар жүргізуде.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі 3 арнайы балабақшада 372 бала және Ақтау қаласындағы №16 мектепке дейінгі ұйымда 30 бала инклюзивтік 2 топта тәрбиеленуде. Барлық білім беру мекемелерінде мектеп жасына дейін мүмкіндігі шектеулі балалардың жүріп, тұруына арналған жағдайлар қарастырылуына назар аударылып, жұмыстануда (пандус, стол, парта, табалдырықтар, т.б.).

Инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы - Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып табылады.

2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар» құрылады.

Облыстың білім беру ұйымдарында мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасау жұмыстарын (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) жүргізуіміз қажет.

Әлеуметтік бейімдеу еңбек орталығымен (САТР) біріккен дефектолог мамандарға арналған қайта даярлау курсынан 20 маман өтіп, сертификаттар берілді. Республика көлемінде 42 мұғалім курстан өткізілді.

2012-2014 оқу жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Астана қаласы ЖСШ «Отбасылық Тәрбиелеу Институтының» ұйымдастыруымен өткізілген педагог - психологтарға арналған білім жетілдіру курсынан облыс бойынша 42 психолог маман өтті.

Мектепте мүмкіндігі шектеулі балар мен дені сау балалар бір сыныпта білім алады. Мектепте шаралар барлық балалар үшін ортақ ұйымдастырылады.

Күндізгі білім беретін мектептерде 185педагог-психолог жұмыс жасайды. Жеке балаға арналған анкеталық деректер мен журналдар жасақталған.

2.2 Қазіргі таңда мектепке дейінгі 3 арнайы балабақшада 372 бала және Ақтау қаласындағы №16 мектепке дейінгіұйымда 30 бала инклюзивтік 2 топта тәрбиеленуде. Барлық білім беру мекемелерінде мектеп жасына дейін мүмкіндігі шектеулі балалардың жүріп, тұруына арналған жағдайлар қарастырылуына назар аударылып, жұмыстануда (пандус, стол, парта, табалдырықтар, т.б.).

Туындаған сұрақтарыңыз бар ма? Қолдау қызметіне хабарласыңыз

Өлкемізбен танысайық

Маңғыстау өңіріне арналған танымдық онлайн жоба: Интерактивтік карталар, виртуалды 3D-саяхат, бейне-материалдар, ғажайып өлкенің тарихы туралы мағлуматтар.

Ресурсқа өту »