Мұғалімнің мүмкіндіктері

Мектеп мұғалімдеріне пән сабақтарының электрондық журналды жүргізу, оқушылардың үлгерімін бақылау және бағалау, есептер мен оқу материалдарын автоматтандыру процесстері қолжетімді.

Толығырақ

Ата-ананың мүмкіндіктері

Ата-аналар балаларының үлгерімін онлайн қадағалап, пәндер бойынша оқу-тапсырма материалдарымен танысып, мектеппен және мұғалімдермен онлайн түрде байланыста бола алады.

Толығырақ

Мектеп басшылығының мүмкіндіктері

Мектептегі оқу-тәрбие үдерістерін басқару, тағайындау, сыныптарда білім сапасының орындалуын бақылау, мониторинг жүргізу және статистикалық есептерді алу мүмкіндіктері қолжетімді.

Толығырақ

Техникалық қолдау қызметі

Біз сіздің сұрақтарыңыз бен өтініштеріңізге жауап беруге әрқашан дайынбыз. Сұрауларыңызды біздің анықтамалық сайт арқылы жібере аласыз.

Support.edus

OK.EDUS

оқушыға арналған портал

Қымбатты оқушы! Егер сен оқитын мектеп осы EDUS Mektep білім беру платформасына қосылған болса, онда сенде оқу материалдарын онлайн игеруге тамаша мүмкіндік бар.

Мұнда сенің оқу күнделігің, сабақтар кестесі, пәндер мен үй тапсырмалары, өз бетінше оқу ресурстары, сыныптастарың мен мұғалімдерің қамтылған. OK.EDUS-ке қош келдің!

OK.EDUS порталына өту

Мұғалімдер үшін мобильді қосымша

Ата-аналар үшін мобильді қосымша

Оқушылар үшін мобильді қосымша

Мектепке арналған EDUS білім платформасы - электрондық жүйе

Мектептегі оқу-білім процестерін автоматтандыруға көмектеседі, мұғалімдердің, оқушы және ата-ана жұмысын электронды цифрлық форматта жүргізуге мүмкіндік береді

Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі

31.08.2012 | 1159

Жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.08.1998 ж. № 812 балалардың мектепке толық баруын қамтамасыз етуді міндеттейтін «Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы» қаулысына және Маңғыстау облыстық білім басқармасының 12.07.2012 жылғы № 195-нқ бұйрығына сәйкес. білім беру мекемелерінде 2012 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында жоспарлы түрде жалпыға міндетті оқу айлығы мен «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылуда.

Құрметті Маңғыстаулықтар!  Жаңа оқу жылының қарсаңында облыс көлемінде «Назар аударыңыз-балалар!» республикалық профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып отырғандығын хабарлай отырып, көлік жолдарында балалардың жарақатын болдырмау мақсатында жолдан өту кезінді мұқият болуыңызды сұраймыз.

Құрметпен,  Облыстық білім басқармасы. 

Жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.08.1998 ж. № 812 балалардың мектепке толық баруын қамтамасыз етуді міндеттейтін «Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы» қаулысына және Маңғыстау облыстық білім басқармасының 12.07.2012 жылғы № 195-нқ бұйрығына сәйкес.  білім беру мекемелерінде  2012 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек  аралығында жоспарлы түрде жалпыға міндетті оқу айлығы мен «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылуда.

Биылғы оқу жылында акция «Жақсылық жасауға асығайық» үндеуімен өтеді.

Дәстүр бойынша акция барысында мектеп жасындағы балаларды білім ұйымдарында оқумен қамту, әсіресе күн көрісі төмен отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі іс-шаралары өткізіледі.

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары Х. Нұрғалиева бекіткен  2012 жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйек аралығындағы «Жақсылық жасауға асығайық» атты бесінші жалпы  «Мектепке жол» акциясының  іс-шаралары жасақталды.

Аудандық, қалалық  білім  бөлім басшыларына  жаңа оқу  жылына  дайындық,  әлеуметтік  көмекке  өте мұқтаж  отбасы  балаларын анықтап,  оларға  демеушілік көмек  көрсетуде мемлекеттік емес ұйымдарды, кәсіпорындарды,  жеке тұлғаларды, меценаттарды  белсенді  қатыстыру   жұмыстары  жүргізілуде. 

30 тамызға дейін акция аясында Ақтау қаласы бойынша - 198, Бейнеу ауданында -485, Жаңаөзен қаласында -817, Қарақия ауданында -140, Түпқараған ауданында 185, Маңғыстау ауданында - 57, Мұнайлы ауданыда- 593, Барлығы – 2475 балаға, 33 878,2 мың теңгеге көмек  көрсетілді.

Аталған акция 2012 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасатын болады.

Туындаған сұрақтарыңыз бар ма? Қолдау қызметіне хабарласыңыз

Өлкемізбен танысайық

Маңғыстау өңіріне арналған танымдық онлайн жоба: Интерактивтік карталар, виртуалды 3D-саяхат, бейне-материалдар, ғажайып өлкенің тарихы туралы мағлуматтар.

Ресурсқа өту »