Мұғалімнің мүмкіндіктері

Мектеп мұғалімдеріне пән сабақтарының электрондық журналды жүргізу, оқушылардың үлгерімін бақылау және бағалау, есептер мен оқу материалдарын автоматтандыру процесстері қолжетімді.

Толығырақ

Ата-ананың мүмкіндіктері

Ата-аналар балаларының үлгерімін онлайн қадағалап, пәндер бойынша оқу-тапсырма материалдарымен танысып, мектеппен және мұғалімдермен онлайн түрде байланыста бола алады.

Толығырақ

Мектеп басшылығының мүмкіндіктері

Мектептегі оқу-тәрбие үдерістерін басқару, тағайындау, сыныптарда білім сапасының орындалуын бақылау, мониторинг жүргізу және статистикалық есептерді алу мүмкіндіктері қолжетімді.

Толығырақ

Техникалық қолдау қызметі

Біз сіздің сұрақтарыңыз бен өтініштеріңізге жауап беруге әрқашан дайынбыз. Сұрауларыңызды біздің анықтамалық сайт арқылы жібере аласыз.

Support.edus

OK.EDUS

оқушыға арналған портал

Қымбатты оқушы! Егер сен оқитын мектеп осы EDUS Mektep білім беру платформасына қосылған болса, онда сенде оқу материалдарын онлайн игеруге тамаша мүмкіндік бар.

Мұнда сенің оқу күнделігің, сабақтар кестесі, пәндер мен үй тапсырмалары, өз бетінше оқу ресурстары, сыныптастарың мен мұғалімдерің қамтылған. OK.EDUS-ке қош келдің!

OK.EDUS порталына өту

Мұғалімдер үшін мобильді қосымша

Ата-аналар үшін мобильді қосымша

Оқушылар үшін мобильді қосымша

Мектепке арналған EDUS білім платформасы - электрондық жүйе

Мектептегі оқу-білім процестерін автоматтандыруға көмектеседі, мұғалімдердің, оқушы және ата-ана жұмысын электронды цифрлық форматта жүргізуге мүмкіндік береді

Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі

01.06.2013 | 10692

«1 маусым – Балаларды қорғау күніне» арналған «Мен елімді сүйемін» атты облыстық мерекелік шараның қорытындысы туралы ақпарлама

Ағымдағы жылдың 1 маусым күні «1 маусым – Балаларды қорғау күніне» арналған «Мен елімді сүйемін» атты облыстық іс-шара өтті.

     Ағымдағы жылдың 1 маусым күні «1 маусым – Балаларды қорғау күніне» арналған «Мен елімді сүйемін» атты облыстық іс-шара өтті. Бұл іс-шараны Маңғыстау облыстық білім басқармасы және Маңғыстау облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы ұйымдастырды. Мерекелік шараның іс-қимыл жоспарына сәйкес әр аудан, қалалардан келген 7 топ оқушылары 4 номинация бойынша сынға түсті, олар: патриоттық әндер, бард, рэп әндер, брэйк, көше билері, фотопейзаж. Барлық балалар талантты, ізденімпаз, өнерлі қасиеттерімен дараланды.

     МАИ қызметкерлерінің жол көрсетуімен қалаға саяхат жасалды. Қашаған ескерткіші алаңында оқушылардың топтық әндері тыңдалды. Қашаған және Тобанияз ескерткіштері жанында оқушылар суретке түсірілді.

«Амфибия» көңіл көтеру кешенінінің сахнасында «Рэп, бард әндері» және «Брэйк, көше билері» номинациялары бойынша оқушылар өнерлерін көрсетті.

Барлық оқушылар ыстық тамақпен қамтылды және бірыңғай естелік сыйлықтар таратылды.

Облыстық өлкетану мұражайын аралаған оқушылар серуен соңында «Туған елім, ауылым» фотопейзаж көрмесіне жұмыстарын қатыстырды.

4 номинация бойынша облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының дипломдарына ұсынылады:

  • Патриоттық әндер номинациясы бойынша:
  • І орын – Жаңаөзенқаласы, Дауылбаев Нұржан;

    ІІ орын –Ақтау қаласы, Сатыбекова Назерке;

    ІІІ орын –  Қарақияауданы, Ексатова Әсемгүл, Шайхина Ақмаржан, Қойманова Қазына.

     

  • Брэйк, көше билері номинациясы бойынша:
  • І орын – Қарақия ауданы, «Құрық балалар өнер мектебінің оқушылары;

    ІІ орын –Жаңаөзен қаласы, «Оқушылар шығармашылық үйі», «Батыс» тобы;

    ІІІ орын – Ақтау қаласы, № 24 орта мектеп оқушысы Тоқсанбаев Бауыржан.

  • Рэп, бард әндері номинациясы бойынша:
  • І орын – Қарақия ауданы, «Құрық балалар өнер мектебінің оқушылары;

    ІІ орын – Маңғыстау ауданы, Меңдібаев Ақансері;

    ІІІ орын – Ақтау қаласы, «Оқушы орталығы»«Бәйтерек» тобы;

     

  • «Туған елім, ауылым» фотопейзаж көрмесі бойынша:
  • І орын –Түпқараған ауданы, Төлесінов Әлібек;

    ІІ орын – Маңғыстау ауданы, Жұмағұлова Ақмоншақ;

    ІІІ орын – Жаңаөзен қаласы, Аяпбергенов Қоблан.

    Туындаған сұрақтарыңыз бар ма? Қолдау қызметіне хабарласыңыз

    Өлкемізбен танысайық

    Маңғыстау өңіріне арналған танымдық онлайн жоба: Интерактивтік карталар, виртуалды 3D-саяхат, бейне-материалдар, ғажайып өлкенің тарихы туралы мағлуматтар.

    Ресурсқа өту »