Жүйенің ішкі құрылымына кіру тек EDUS.Mektep білім платформасын қолданатын мектептердің мұғалімдері, оқушылары мен ата-аналары үшін қолжетімді. Ата-аналар жүйеге онлайн тіркеле алады, ал мұғалімдер мен оқушылар мектеп әкімшілігі берген арнайы құпиясөз арқылы кіреді
Мектеп мұғалімдеріне пән сабақтарының электрондық журналды жүргізу, оқушылардың үлгерімін бақылау және бағалау, есептер мен оқу материалдарын автоматтандыру процесстері қолжетімді.
Ата-аналар балаларының үлгерімін онлайн қадағалап, пәндер бойынша оқу-тапсырма материалдарымен танысып, мектеппен және мұғалімдермен онлайн түрде байланыста бола алады.
Мектептегі оқу-тәрбие үдерістерін басқару, тағайындау, сыныптарда білім сапасының орындалуын бақылау, мониторинг жүргізу және статистикалық есептерді алу мүмкіндіктері қолжетімді.
Біз сіздің сұрақтарыңыз бен өтініштеріңізге жауап беруге әрқашан дайынбыз. Сұрауларыңызды біздің анықтамалық сайт арқылы жібере аласыз.
Қымбатты оқушы! Егер сен оқитын мектеп осы EDUS Mektep білім беру платформасына қосылған болса, онда сенде оқу материалдарын онлайн игеруге тамаша мүмкіндік бар.
Мұнда сенің оқу күнделігің, сабақтар кестесі, пәндер мен үй тапсырмалары, өз бетінше оқу ресурстары, сыныптастарың мен мұғалімдерің қамтылған. OK.EDUS-ке қош келдің!
Мектептегі оқу-білім процестерін автоматтандыруға көмектеседі, мұғалімдердің, оқушы және ата-ана жұмысын электронды цифрлық форматта жүргізуге мүмкіндік береді
12.07.2013 | 2465
Маңғыстау облысында барлығы 137 мектеп, оның ішінде 122 күндізгі жалпы білім беретін мемлекеттік мектеп (96117 оқушы) жұмыс жасайды.
Маңғыстау облысында барлығы 137 мектеп, оның ішінде 122 күндізгі жалпы білім беретін мемлекеттік мектеп (96117 оқушы) жұмыс жасайды. |
01.07.2013 ж. |
Барлық мектеп саны |
137 |
Оның ішінде: - күндізгі жалпы білім беретін мемлекеттік мектептер |
122 ( оқушы) |
|
5 |
|
1 |
|
4 |
|
5 |
Шағын жинақты мектептер (ШЖМ) |
19 |
ШЖМ тер үшін ресурстық орталықтар |
2 |
Педагог кадрлар
Облыстың күндізгі жалпы білім беретін мектептерінде барлығы 8208 мұғалім, ауыл мектептерінде 4103 мұғалім жұмыс жасайды.
|
01.10.2012ж |
Барлық педагогтар саны, оның ішінде: |
8208 |
Жоғары білімді |
6180 (75,3%) |
Жоғары санатты |
1083 (13,2%) |
Жоғары және бірінші санатты мұғалімдер үлесі |
43,2% |
Білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында кезекшілік, пропуск жүйесі енгізілген. Бүгінгі таңда 84 мектепте (68,9%) бейнебақылау жүйесі орнатылған.
Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы:
Облыс бойынша 122 мектептің 114-де, 62113 (65,1%) оқушыға ыстық тамақтандыру ұйымдастырылған.
Бастауыш сыныпта оқитын оқушының (42576) 15798 - тегін ыстық тамақпен қамтылған (37,1%).
20 716 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген, 33%. Ал 8545- оқушы аз қамтылған отбасыларынан шыққан, олардың 100% тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Әлеуметтік қорғалмаған оқушыларға және аз қамтылған отбасылардың оқушыларына көмек көрсету үшін жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы жылы ұстауға қарастырылған шығыстар облыс бойынша 3 % құрайды.
Ақпаратттандыру жұмыстары:
Маңғыстау облысы бойынша барлық мектептер компьютерлендірілген. Жылдық есеп бойынша облыстағы 122 мектепте 255 информатика кабинетінде 3256 компьютерлік техника бар.
Қазіргі таңда Маңғыстау облысы бойынша 122 жалпы білім беретін орта мектеп және кәсіптік және техникалықбілім беретін 25 колледждің кең жолақты Интернет жүйесіне қосылған, қосылу 100 пайызды құрайды. Оның ішінде «E-learning» электронды оқыту жобасы (ЭОЖ) енгізілген 1 колледж және 17 жалпы білім беретін мектеп 10 Мбит/сек жылдамдықты интернетке қосылған.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2012 жылы облыстың 18 білім беру ұйымына: 1 колледж және 17 жалпы білім беретін мектепке «E-learning» электронды оқыту жобасы (ЭОЖ) енгізілді. Электронды оқыту жобасы аясында жобаға енген білім беру ұйымдарына республикалық бюджет есебінен құрал жабдықтар, арнайы бағдарламалар әкеліп орнатылып, 10 Мб/с жылдамдықты кең жолақты интернет қосылды.
«Балапан» бағдарламасының орындалысы
2012 жылдың қазан айының есептік кезеңінде, облыста 23864 баланы қамтыған 172 МДҰ, оның ішінде ауылдық жерде 77 мектепке дейінгі ұйымдар болды.
Қазіргі таңда облысымызда 25444 баланы қамтитын 180 МДҰ (оның ішінде 128 балабақша, 52 шағын орталық), оның ішінде:
Оның ішінде ауылдық жерде 82 мектепке дейінгі ұйымдар бар.
2012 жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту пайызы 37,7 % - дан 40,2 % -ға өсті.
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 23344 бала қамтылып, 68,8% құрайды. Ал мектепалды дайындық пен бастауыш сыныпта отырған балаларды қоса есептегенде 3 - 6 жастағы балаларды қамту пайызы 78,6 % болды.
5 – 6 жастағы балаларды міндетті мектепалды даярлықпен қамту 75,7 % құрайды, бала саны – 13313.
2010 жылдың мамырынан бастап 2013 жылдың 3 маусымына дейін 10034 орындық 109 мектепке дейінгі ұйым іске қосылып, 10484 бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылды:
- 4513 орындық 27 балабақша құрылысы салынды;
- 2260 орындық 12 балабақша кері қайтарылды және қалпына келтірілді;
- мектеп жанынан 1105 орындық 29 шағын-орталық іске қосылды;
- тұрғын үйдің төменгі қабатынан 110 орындық 2 МДҰ;
- 2046 орындық 39 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар іске қосылды.
Эксперименттік жұмыстар
12 жылдық білім беретін эксперименттік жұмыс Ақтау қаласындағы №23 орта мектеп және №11 мамандандырылған физика-математикалық мектеп, Жаңаөзен қаласындағы № 14 орта мектеп, Қарақия ауданындағы №8 орта мектеп, Маңғыстау ауданындағы М. Атымов атындағы орта мектеп, Түпқараған ауданындағы М. Әбдіхалықов атындағы орта мектептерінде жалғасын табуда. Эксперимент алаңдарында 17 сыныпта 243 оқушы қамтылып, оларға 125 мұғалім сабақ береді.
Облыстың мектептерінде Ж. Қобдикованың «Үшөлшемді оқыту технологиясы» бойынша байқау алаңына енген Мұнайлы ауданының №5 орта мектебінде бес сыныпта 5 мұғалім 140 оқушымен жұмыстануда.
Модульдік оқыту технологиясы бойынша Ақтау қаласындағы №12, №13, №14 орта мектептерінде 6 мұғалім 114 оқушы қамтылған 6 сыныпқа тәжірибе жүргізуде.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 ж 30 желтоқсанындағы №24-02-3/3371 хатына сәйкес «Cambridge University Press» баспасының ағылшын тілінен 1, 4, 6 сыныптардың оқушыларына арналған бейімделген оқулықтарын сынақтан өткізу жұмыстары Жаңаөзен қаласындағы гимназия және Ақтау қаласындағы №17 орта мектебінде жүргізілуде.
Үш тілде оқыту бойынша Ақтау қаласының экономикалық лицейінде Экономика пәні, Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп - интернатта География пәні оқытылуда (5 мұғалім 270 оқушыны қамтылған).
Ағылшын тілін ерте жастан оқыту эксперименті бойынша Ақтау қаласының №23 орта мектебінде 152 оқушыны қамтыған 4 мұғалім жұмыс жүргізуде.
Дарынды балалармен жұмыс
Теңіз жағасында «Балдәурен» базасы бар Облыстық «Дарын» қосымша білім орталығы биыл мерекелі бес жасын толтырады.
2011 жылы Республикада бірінші аудандық дарын орталығы Түпқараған ауданында ашылды. 2012-2013 оқу жылында Бейнеу аудандық дарын орталығы іске қосылды.
14-18 наурыз аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларының пәндік олимпиадасы Талдықорған қаласында жаратылыстану – математика бағыты бойынша өткізіліп, облысымыздан қатысқан 34 оқушының 1-і алтын, 3-і күміс, 11-і қола медальге ие болып, «Үздік олимпиадалық команда-2013» номинациясында 3 орынды иеленді.
26-30 сәуір аралығында мектеп оқушыларының жалпы білім беретін пәндердің қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша Тараз қаласында өткізілген республикалық олимпиадасына 29 оқушымыз қатысып, олардың ішінде тұңғыш рет облысымызға алтын жүлде алып келген Бақытжан Әнуар, күміс жүлдеген Бақтыбаев Тобанияз және алты қола медальді иегерлері бар.
Ақмола облысы Щучье қаласында өткен 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының VIII «Зерде» Республикалық конкурсына 18 оқушының қатысып, нәтижесінде I дәрежелі дипломмен 1 оқушы, II дәрежелі дипломмен 7 оқушы, III дәрежелі дипломмен 9 оқушымыз марапатталып, 1 оқушы IV орын иеленді. Жас ғалымдарының барлығы да жүлделі орын алған Маңғыстау облысының командасы II орын және «Үздік команда-2013» номинациясымен марапатталды.
2012-2013 оқу жылында республикалық және халықаралық ғылыми жоба конкурстары мен пәндік олимпиадаларына облысымыздан барлығы 180 (96+84) оқушы қатысып, олардың 98-і (57+41) жүлделі орындарға ие болды.
Дарынды оқушылармен облыстық деңгейде «Қазақстан – менің елім» атты өлкетанушылар, натуралистер мен туристерге арналған облыстық ғылыми-практикалық конференциясы, Балалар музыка мектептері мен өнер мектептері оқушылары арасында «Жас музыканттар» байқауы, жол қауіпсіздігін насихаттау, сақтандыру шараларын үйрету мақсатындағы «Жас жол қозғалыс инспекторлар жасағы» слеті, «Бабалар мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты көркемдік және қолданбалы шығармашылық облыстық байқауы, мүмкіндіктері шектеулі балалардың жеке шығармашылығына арналған облыстық «Жұлдызай» фестивалі, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың шығармашылығына арналған облыстық «Таң Шолпан» байқаулары, 1 маусым балаларды қорғау күнінде» «Мен елімді сүйемін» танымдық шарасы, «Егер мен мұнайшы болсам», «Отан қорғаушылар», «Елбасы - ел тірегі» атты шығармалар сайысы ұйымдастырылды.
ҚР Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 261 Жарлығымен бекітілген «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс - қимыл жоспарын» орындау мақсатында білім беру ұйымдарында төмендегідей шаралар жүзеге асырылуда:
«Педагогтың кәсіби тұлғалық құзіреттілігін анықтау» зерттеу жұмысы аясында облыстық деңгейде төмендегідей ауқымды шаралар ұйымдастырылды:
байқауы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30 наурыз 2012 жылғы 394 қаулысына сәйкес «Үздік педагог грантын беру» конкурсы, (бас жүлде иегері - Ақтау қаласы Экономикалық лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Төреева), «Үздік сынып жетекшісі», «Қазақ тілінің үздік мұғалімі», Серікболтану оқуының «Үздік сабақ» және «Үздік сынып сағаты» облыстық байқаулары, конкурстарына 222 мұғалім қатысып, ұстаздық шеберліктері мен білімдерін таныта білді. Жергілікті ғалым, мифолог Серікбол Қондыбай шығармашылығына арналған «С. Қондыбай шығармашылығы: жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдарының парадигмалары» республикалық ғылыми-теориялық конференциясы, «Республикалық филологтар съезіне» 16 мұғалімнің қатынасуы ұйымдастырылды.
Облыс мектептерінде 8208 мұғалім жұмыс жасаса, биылғы оқу жылында олардың 571-і төмендегі бағыттағы білім жетілдіру курстарымен қамтылып отыр:
- «Өрлеу» БАҰО АҚ бағдарламасы бойынша екінші деңгейдегі Алматы қаласындағы курспен 27 мұғалім;
- Үшінші деңгейдегі Өрлеу» БАҰО АҚ бағдарламасы бойынша Ақтау қаласындағы курспен 290 мұғалім;
- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ПШО ААҚ бағдарламасы бойынша Ақтау қаласындағы екінші деңгейдегі курспен 25 мұғалім; білім жетілдірді.
- Республикалық және аймақтық тақырыптық курстардан барлығы 229 мұғалім, оның ішінде 11 директор, 44 директордың орынбасарлары білімін жетілдірді. Жыл аяғына дейін деңгейлік курстардан барлығы 143 мұғалім өтеді деп жоспарлануда.
- Мектептер мен қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту және әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Үздік орта білім беру ұйымы» конкурсы ұйымдастырылып, ең төменгі жалақының сегіз жүз еселенген мөлшердегі грантына Түпқараған ауданы М. Әбдіхалықов атындағы орта мектеп иеленді. «Үздік қосымша білім беру ұйымы», «Үздік аула клубы», «Үздік лагерь» тәрізді шаралар дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілуде. Жеңімпаз білім ұйымдары арнайы сыйлықтармен марапатталады. Бейнеу, Маңғыстау аудандарында Назарбаев Зияткерлік мектебінің іс-тәжірибесін тарату мақсатындағы базалық мектеп - №11 мамандандырылған физика-математика мектебінің жаңа инновациялық жұмыстары туралы және Қарақия аудандық білім үйлестіру орталығына әдістемелік көмек түрлерінің ашық есік күндері ұйымдастырылды.
Облыс педагогтарына әдістемелік көмек ұйымдастыру мақсатында 4 орталық жұмыс жасайды.
1. Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы Маңғыстау облысы әкімдігінің 13.09.2012 жылғы №220 қаулысына сәйкес Облыстық жалпы білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен қосымша білім беру кешенінің бірігуімен ашылды.
Орталықтың негізгі мақсаты оқу-әдістемелік және тәрбие үрдісіне озық педагогикалық тәжірибелерді енгізу, қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру және аудандық/қалалық білім үйлестіру орталықтары мен мұғалімдердің біліктілік арттыру жұмыстарын жүргізетін ұйымдармен жұмыс түрлерін ұйымдастыру болып табылады.
Орталықтың іс-қимыл жоспарына сәйкес оқу-әдістемелік бағытта:
19 семинар, 1 конференция, 29 конкурс, Қарақия, Бейнеу, Маңғыстау аудандарында жаңа инновациялық жұмыстар мен әдістемелік көмек түрлерінің 3 ашық есік күндері ұйымдастырылды. 156 озық педагогикалық жұмыстар зерделеніп, 136 мұғалімнің шығармашылық ізденіс жұмыстары бекітілді. Облыс көлемінде таратуға 19 мұғалімнің жұмысы өңделуде.
6 эксперимент жұмыстарына басшылық жасалуда және Орталықтың Кеңесінде пән бірлестіктерінің жұмысы, мектептердегі үйірме жұмыстары, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің базалық мектептердегі жұмыстардың үйлестірілуі, 12 жылдық эксперимент мектептеріндегі білім сапасы, аула клубтарының жұмысы, «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің жұмыстары туралы материалдар қаралды.
2.Маңғыстау облысының білім беруді ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығында 2013 жылы 30 курс ұйымдастырылып, 420 адам қамтылды. Оның ішінде: пән мұғалімдеріне арналған 28 курсқа, 394 мұғалім қатысты. Жоспарға сәйкес 4 семинар, 3 сайыс өткізілді.
3.Маңғыстау облысының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығының ұйымдастыруымен 2012-2013 оқу жылы ішінде бірнеше іс-шаралар, 9 семинар (2 республикалық он-лайн режимінде), мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері арасында 3 Кеңес отырысы, 3 дөңгелек үстел, 2 кездесу, 4 облыстық байқаулар және тәрбиеленушілер арасында 4 облыстық сайыстар ұйымдастырылып өткізіліп, барлығы 1000 –нан аса адам қамтылды.
Олар: «Білім ұясы: «Ең үздік мектепке дейінгі ұйым-2012», «Ең үздік мектепке дейінгі шағын орталық -2012», «Ең үздік педагог-2012» облыстық байқауы, «Үміт» мүмкіншілігі шектеулі балалардың облыстық шығармашылық өнер фестивалі, «Маңғыстау облысы бойынша мектепке дейінгі білім жүйесіндегі оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық бағыттары» атты республикалық педагогикалық оқылымның облыстық кезеңі, «Мектепалды даярлық топ балаларына арналған тілдердің үштұғырлығын дамытудың ең үздік бағдарламасы» республикалық конкурстың облыстық кезеңі, «Үздік педагог-2013» облыстық сайысы, Маңғыстау облысының 40 жылдығына орай «Мақтанышым, махаббатым - Маңғыстау» 5-6 жастағы балалар арасындағы сырттай облыстық мәнерлеп оқу сайысы, «Киелі өлкем-Маңғыстау» сырттай облыстық сурет байқауы, 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні аясындағы «Жауқазын» балалар шығармашылығының облыстық фестивалі.
Орталық «Маңғыстау өлкесінің жануарлар мен өсімдіктер әлемі» атты естиярлар мен ересектер тобы үшін аймақтық бағдарлама жобасын құру бойынша жұмыс жүргізуде. Осы бағытта Ақтау қаласы № 22 балабақшасында «Маңғыстау өлкесінің өсімдіктері мен жануарлар әлемі» бағдарлама Жобасын жүйелі, сапалы әзірлеу бойынша жұмыс тобына әдістемелік көмек көрсету мақсатында 70 адамның қатысуымен облыстық семинар өткізілді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының сапалы қызмет көрсетуінде халықтың қажеттілігін қанағаттандыру, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының директоры Б. Қ. Игенбаеваның қатысуымен өткізілген «Балапан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жағдайында мектепке дейінгі білімді дамытудың келешегі мен жай - күйі» тақырыбындағы облыстық Саммитке облыс бойынша 250 адам қатысты.
Орталық мектепке дейінгі білім беру жүйесінде сапалы білім мен кәсіптік шеберлікті жетілдіру мақсатында педагогтарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтулерін қадағалап, оқыту семинарларын ұйымдастырып, сараптама жасап тұрады. Айта кетсек, Орталықтың ұйымдастыруымен өткен семинарларда 554 педагог қатысып, қажетті әдістемелік нұсқаулықтар алды.
Сондай-ақ, «Өрлеу» біліктілік арттыру ҰО АҚ филиалының Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің арттыру институтының жоспарына сәйкес, 2012 жылы және 2013 жылдың І жартыжылдығында 20 біліктілік курстары өткізіліп, онда 542 педагогтарға сертификаттар берілді. Соның ішінде педагогтардың сұраныстарына байланысты ағылшын тілі мұғалімдеріне біліктілік курстары да өткізілді. Және Алматы қаласына 5 педагог біліктілігін арттыру курстарына жіберілді.
3.Техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті
Маңғыстау облысы білім басқармасының «Дуалдық оқыту жүйесінің элементтерін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында енгізу бойынша эксперимент алаңдарын құру туралы» 27.08.2012ж. № 219 бұйрығының негізінде 7 колледжде, 13 мамандық бойынша, 318 студенттерді қамтитын тәжірибе алаңдары құрылды.
Кәсіпорындарда тағылымдамадан өтушілер үшін тәжірбиелі мамандардан құрылған тәлімгерлер белгіленген, дуалдық оқыту жүйесі бойынша оқытушыларға өндірістік практикадан өтуге 318 жұмыс орны бөлінген. Кәсіпорындарда студенттердің практикасына 8758 жұмыс орны бөлінуіне байланысты, олардың практикадан өтуіне 100% жағдай жасалған.
Дуалдық оқыту жұйесі мен эксперттіқ топтар үшін облыстық Кеңес құрылды, оның құрамына жергілікті өзін –өзі басқару органдарының, білім және ғылым саласын бақылау департаментінің, ғылыми –педагогикалық және білім ұйымдары басшы қызметкерлерінің уәкілдері кіргізілген.
2012-2013 оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшы және инженер - педагогтарының облыстық, өңіраралық, республикалық және халықаралық білім сатысы оқуларынан өткендер саны -310 адам.
Колледждер бойынша 91 арнаулы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері кәсіпорындардың базасында жаңа технологиялар мен технологиялық жабдықтарды үйрену үшін тағылымдамадан өткен.
Білім саласындағы еңбек етіп жүрген педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар педагогтарды анықтау мақсатында 17-22 мамырда «Үздік педагог» облыстық конкурсы өтті.Әр оқу орындарынан 1арнайы пән оқытушысы қатысты. О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ коллледжінің арнайы пән оқытушысы Ускинбаев Танат Максимұлы бас жүлде иегері болып, республикалық конкурсқа қатысуға жолдама алды.
Облыстық техникалық кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінің іс-қимыл жоспарына сәйкес ізденіспен жұмыс істейтін талантты жас мамандарды анықтау, жас мамандардың кәсіби біліктіліктерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін өзара тәжірибе алмасуларын жүзеге асыру мақсатында 14.12.2012ж. «Жас мамандар» слетін өткізді. ТжКББ ұйымдарыныан 15 команда қатысып,әр команда құрамы 5 адамнан құрылды. Жеңімпаз 3 колледж атанды,оларға бағалы сыйлықтар мен марапаттар табысталды.
Білім саласы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау
Облыс мектептерін білікті кадрлармен қамтамасыз ету проблемасын шешу мақсатында 2006 жылы әлеуметтік сала кадрларын дайындаудың облыстық бағдарламасы қабылданды.
2010 – 2011 оқу жылында осы бағдарлама аясында республиканың жоғары оқу орындарында бітірген алғашқы түлектер – 51 жас маман ауыл мектептеріне жұмысқа орналасқан болса, 2011-2012 оқу жылында 58, жаңа 2012-2013 оқу жылында 53 жас маман ауыл мектептеріне жолдама алды.
Ауылдық жерде тұратын әрбір педагог қызметкерге коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарын жабу үшін 10 - 15 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылған.
Педагогикалық қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жыл сайын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне көңіл бөлініп келеді.
2012 жылы 48 мұғалімге жаңа пәтердің кілті табыс етіліп, 11 мұғалім жатақханамен қамтамасыз етілді. 120 білім саласы қызметкеріне тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімі берілді.
345 білім саласының қызметкеріне Алматы, Жаңақорған, Сарыағаш, Меркі, Қостанай, Қырым, Есентуки демалыс орындарына жолдама берілді.
Жыл сайын ұстаздар күні мерекесіне орай облыс әкімінің қатысуымен салтанатты шара өткізіліп, әртүрлі номинациялар, байқаулар қорытындылары бойынша жеңімпаздарды, үздік педагог қызметкерлерді марапаттау рәсімі өткізіледі. Ол туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылыққа таныстырылады.
2012 жылдың қазан айында «Мұғалімдер күні» мерекесіне арналған облыс көлемінде салтанатты шара өтті. Облыс әкімдігі 7 номинация бойынша үздік педагог қызметкерлерді Құрмет грамотасымен марапаттап, ноутбуктер сыйлады. Мерекеге шақырылған ардагер ұстаздарға сыйлықтар тарту етілді. 38 мұғалім Облыс әкімінің және «Нұр Отан ХДП» «Құрмет грамотасымен» және «Алғыс хатымен» марапатталды.
Қосымша білім беру:
Облыста мектептен тыс қосымша білім беретін 14 ұйым жұмыс жасайды, оның ішінде 1 саз мектебі, 8 өнер мектебі, 2 оқушылардың шығармашылық үйі, 2 «Дарын» қосымша білім орталығы, 1 облыстық қосымша білім кешені облыс мектептерінің оқушыларына сабақтан тыс уақытта қызмет көрсетеді.
Облыста 39 аула клубы жұмыс жасайды, ондағы 232 үйірмеге 10575 бала тартылған, ал білім беру ұйымдарындағы әр түрлі бағыттағы 208 үйірмелерге 9375 қатысады. Барлығы қосымша білім беру ұйымдарындағы 440 үйірмеге 19950 оқушы қатысып отыр.
Аудандық, қалалық мектептерде сыныптан тыс 503 секция жұмыс жасайды, онда 16269 оқушы қамтылып, 16,9 пайызды құрайды. Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы білім мекемелерінде кешкі уақытта спорттық залдары мен жертөлелерінде спорттық секция және үйірме жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде, сондай-ақ демалыс және мерекелік күндерде күнтізбелік жоспарға сай спорттық іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Туындаған сұрақтарыңыз бар ма? Қолдау қызметіне хабарласыңыз
Өлкемізбен танысайық
Маңғыстау өңіріне арналған танымдық онлайн жоба: Интерактивтік карталар, виртуалды 3D-саяхат, бейне-материалдар, ғажайып өлкенің тарихы туралы мағлуматтар.