Жүйенің ішкі құрылымына кіру тек EDUS.Mektep білім платформасын қолданатын мектептердің мұғалімдері, оқушылары мен ата-аналары үшін қолжетімді. Ата-аналар жүйеге онлайн тіркеле алады, ал мұғалімдер мен оқушылар мектеп әкімшілігі берген арнайы құпиясөз арқылы кіреді
Мектеп мұғалімдеріне пән сабақтарының электрондық журналды жүргізу, оқушылардың үлгерімін бақылау және бағалау, есептер мен оқу материалдарын автоматтандыру процесстері қолжетімді.
Ата-аналар балаларының үлгерімін онлайн қадағалап, пәндер бойынша оқу-тапсырма материалдарымен танысып, мектеппен және мұғалімдермен онлайн түрде байланыста бола алады.
Мектептегі оқу-тәрбие үдерістерін басқару, тағайындау, сыныптарда білім сапасының орындалуын бақылау, мониторинг жүргізу және статистикалық есептерді алу мүмкіндіктері қолжетімді.
Біз сіздің сұрақтарыңыз бен өтініштеріңізге жауап беруге әрқашан дайынбыз. Сұрауларыңызды біздің анықтамалық сайт арқылы жібере аласыз.
Қымбатты оқушы! Егер сен оқитын мектеп осы EDUS Mektep білім беру платформасына қосылған болса, онда сенде оқу материалдарын онлайн игеруге тамаша мүмкіндік бар.
Мұнда сенің оқу күнделігің, сабақтар кестесі, пәндер мен үй тапсырмалары, өз бетінше оқу ресурстары, сыныптастарың мен мұғалімдерің қамтылған. OK.EDUS-ке қош келдің!
Мектептегі оқу-білім процестерін автоматтандыруға көмектеседі, мұғалімдердің, оқушы және ата-ана жұмысын электронды цифрлық форматта жүргізуге мүмкіндік береді
07.10.2016 | 116
Маңғыстау облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2013-2016 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыруға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2016 жылғы 6 қазан күні Түпқараған ауданы, Таушық селосындағы Мәдениет үйінде жас ұрпақты ұлтымызды азғындатып, кісілік қасиетінен айыратын зиянды заттардан аулақ болуға шақыру мақсатындаоблыстық«Есірткісіз болашақ» жүрмелі тәрбиелік-танымдық шарасы ұйымдастырылды.
Маңғыстау облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2013-2016 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыруға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2016 жылғы 6 қазан күні Түпқараған ауданы, Таушық селосындағы Мәдениет үйінде жас ұрпақты ұлтымызды азғындатып, кісілік қасиетінен айыратын зиянды заттардан аулақ болуға шақыру мақсатындаоблыстық«Есірткісіз болашақ» жүрмелі тәрбиелік-танымдық шарасы ұйымдастырылды. Шараға Маңғыстау, Түпқараған ауданының оқушылары, ата-аналар мен ұстаздар, барлығы 200-дей адам қатысты.
Сонымен қатар бұл шараға Түпқараған аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының меңгерушісі Ізтілеуова Гүлжан қатысып отырды.
Тәрбиелік-танымдық шара шеңберіндеоқушыларға Маңғыстау облысының ІІБ ұсынғаннашақорлықтың медициналық-әлеуметтік мәселелердің республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы әзірлеген«Ішімдіктің және есірткінің алдын алу» бейнеролигікөрсетілді.
Оқушылар«Салауатты өмір – жарқын болашақ» КТК, «Есірткі – ғасыр тажалы» сахналық қойылым және «Ертеңіңді ойласаң, есірткіге жолама!» тақырыбында үздік бейнероликтер байқауларына қатысып, «Есірткі – заман кеселі» тақырыбындағы эсселер байқауы мен«Ес кетірер есірткі» өлеңдер байқауының жеңімпаздары З.Баймырзаев атындағы орта мектеп оқушылары А.Сағындықова мен Н.Мұратова өз туындыларын оқыды.
Шара соңында ата-аналар атынан Елеуова Нағым құттықтау сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Түпқараған аудандық «Дарын» қосымша білім беру орталығына «Жастар есірткісіз болашақ үшін!» плакаттар және «Біз есірткісіз өмірді таңдаймыз» суреттер байқауларынан іріктелген үздік жұмыстардан дайындалғанплакаттар топтамасы тапсырылды. Жүрмелі тәрбиелік-танымдық шараға тартылған барлық оқушылардың қатысуымен Мәдениет үйі алаңында флешмоб ұйымдастырылып, есірткі мен нашақорлықтың алдын алу бағытында дайындалған «Есіңде сақта!», Түпқараған аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұсынған «Салауатты өмір салтын ұстан!» жадынамалары таратылды.
Туындаған сұрақтарыңыз бар ма? Қолдау қызметіне хабарласыңыз
Өлкемізбен танысайық
Маңғыстау өңіріне арналған танымдық онлайн жоба: Интерактивтік карталар, виртуалды 3D-саяхат, бейне-материалдар, ғажайып өлкенің тарихы туралы мағлуматтар.