Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

20.02.2026 | 39

168 оқушы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпазы атанды

168 оқушы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпазы атанды

Қарағанды қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі аяқталды.

2026 жылғы 17-20 ақпан аралығында өткен финалдық кезеңге еліміздің барлық өңірлерінен қоғамдық-гуманитарлық бағыттың 9 секциясы бойынша 293 ғылыми жобамен 370 оқушы қатысты.

Ғылыми жобаларды қорғау Regeneron ISEF халықаралық талаптарына сәйкес ашық көрме форматында ұйымдастырылды. Бұл формат қатысушыларға зерттеу нәтижелерін кең аудитория алдында таныстыруға, ғылыми пікірталас мәдениетін көрсетуге, дәлелді ой айтуға және өз ұстанымын қорғауға мүмкіндік берді. Жобаларды қазақстандық жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары мен профессорлары бағалады.

Қазылар алқасының шешімімен конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Барлығы 168 оқушы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен және медальдарымен марапатталды. Оның ішінде I орынды 32 жеңімпаз, II орынды 51 жүлдегер, III орынды 85 оқушы иеленді. Сонымен қатар 68 қатысушы грамоталармен марапатталды.

Ал, республикалық ғылыми жобалар конкурсының жаратылыстану-математикалық бағыттағы қорытынды кезеңі 2026 жылғы 24-27 ақпан аралығында Астана қаласында өтеді. Аталған кезеңге 6 секция бойынша 463 жобамен 623 оқушы қатысады деп жоспарлануда.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки