Білім жаңалықтары
01.06.2025 | 203
Республикалық «Жанымызда батырлар – еңбек адамдары» балалардың сурет байқауы басталды
Республикалық «Жанымызда батырлар – еңбек адамдары» балалардың сурет байқауы басталды
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің республикалық оқу-әдістемелік қосымша білім беру орталығы және «Kazakhmys» корпорациясы «Жанымызда батырлар – еңбек адамдары» балаларға арналған сурет байқауының басталғанын хабарлайды.
Байқауға еліміздің барлық мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері қатыса алады.
Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың еңбекке және жұмысшы мамандығындағы адамдарға деген құрметін қалыптастыру, сондай-ақ қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашу. Әсіресе, бала туындысында өндірістік мамандықтарға ерекше назар аударылуы тиіс.
Қатысу шарттары қарапайым:
жұмысшы мамандығының кейіпкерін салу
суреттерді Instagram-ға #ЖанымыздаБатырлар және #ЖұмысшыМамандықтарыЖылы хэштегтерімен жариялау
@kazakhmys.news және @rumcdo_official аккаунттарын белгілеу
өтінішті konkurs_parlament@mail.ru поштасына жіберу
Әр орынға бағалы сыйлықтар қарастырылған, ал үздік 10 жұмыс қала көшелерінде билбордтарға ілінеді.
Қорытынды 19 маусымда www.ziyatker.org сайтында жарияланады.
-
-
17.06.2025 | 92
Қазақстандық оқушы Еуропаның ең үздік физигі атанды
-
17.06.2025 | 99
Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады
-
12.06.2025 | 172
КҮН САНЫ
-
10.06.2025 | 204
Биыл 170 мыңнан астам студент колледж бітіреді
-
09.06.2025 | 260
Әр екінші қатысушы — жүлдегер