Білім жаңалықтары
13.06.2025 | 649
Қазақстандық оқушылар EuPhO-2025 еуропалық физика олимпиадасында ел намысын қорғайды

Қазақстандық оқушылар EuPhO-2025 еуропалық физика олимпиадасында ел намысын қорғайды
13–17 маусым аралығында Болгарияның София қаласында Еуропалық физика олимпиадасы EuPhO-2025 өтеді. Олимпиадаға 30 елден 200-ден астам мектеп оқушылары қатысады.
Қазақстан құрамасына 2024–2025 оқу жылындағы Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері және физика пәні бойынша олимпиадалық резерв мүшелері енді:
Ілияс Қазымбек – Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы;
Роман Черемнов – Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;
Даниэль Тюлюбаев – Астана қаласындағы «Нұрорда» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;
Таир Абдикадыр – Қостанай облыстық «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
Алтаир Ақанов – Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы.
Қазақстан құрамасының жетекшілері:
Андрей Владимирович Сидоренко – жаттықтырушы, республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы;
Темірлан Айдарұлы Исмағұлов – жаттықтырушы, республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы.
Біздің командамызға сәттілік тілейміз!
Анықтама үшін: Еуропалық физика олимпиадасы — ғылымға қызығушылығы бар, дарынды мектеп оқушыларына арналған халықаралық аймақтық жарыс. Өткен жылы Қазақстан құрамасы 2 күміс және 2 қола медаль иеленген болатын.
-
-
17.01.2026 | 130
Жеке мектептерге қойылатын талаптар күшейеді
-
16.01.2026 | 135
Абай ұлттық мектебі тарихындағы жаңа кезең басталды
-
15.01.2026 | 149
Алматыда XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өз мәресіне жетті
-
14.01.2026 | 243
Қазақстанда өткен жылы 162 жаңа мектеп салынды
-
13.01.2026 | 169
Ақмола облысында әлеуметтік сала мәселелері талқыланды

