Білім жаңалықтары
10.12.2025 | 376
Оқу-ағарту министрлігі жас ұстаздар арасында «Мен Тәуелсіздік құрдасымын!» челленджін жариялайды

Оқу-ағарту министрлігі жас ұстаздар арасында «Мен Тәуелсіздік құрдасымын!» челленджін жариялайды
Тәуелсіздік күні қарсаңында еліміз бойынша 10-16 желтоқсан аралығында жас ұстаздар арасында «Мен Тәуелсіздік құрдасымын!» республикалық челленджі ұйымдастырылуда.
Әлеуметтік желілер арқылы өтетін бұл челлендждің басты идеясы – қоғамда педагог мәртебесін, оның еңбегінің маңызын және өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін кеңінен насихаттау.
Челленджге қатысушы мұғалімдер әлеуметтік желілерде «Мен Тәуелсіздік құрдасымын» тақырыбында бейнеролик немесе пост жариялап, тәуелсіздікпен бірге өскен ұрпақ ретінде білім саласының дамуы мен оған қосқан өз үлесі, педагог миссиясы туралы ой-пікірімен бөліседі.
Челленджге тәуелсіздікпен құрдас ниет білдіруші ұстаздар қатысады, ол үшін:
- әлеуметтік желілерде #МенҰстазбын#ТәуелсіздікҚұрдасымын #ЯУчитель #ЯРовесникНезависимости хэштегтерімен фото, бейне посттарын жариялаңыз;
-тәуелсіздік туралы өз ойыңызбен, ұстаздық қызметтегі миссияңызбен бөлісіңіз.
А.Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығының деректеріне сәйкес, бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 15 мыңнан астам тәуелсіздікпен құрдас педагог еңбек етеді.
Жасанды интеллект фотоиллюстрациясы
-
-
17.01.2026 | 130
Жеке мектептерге қойылатын талаптар күшейеді
-
16.01.2026 | 135
Абай ұлттық мектебі тарихындағы жаңа кезең басталды
-
15.01.2026 | 149
Алматыда XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өз мәресіне жетті
-
14.01.2026 | 243
Қазақстанда өткен жылы 162 жаңа мектеп салынды
-
13.01.2026 | 169
Ақмола облысында әлеуметтік сала мәселелері талқыланды

