Мұғалімнің мүмкіндіктері

Мектеп мұғалімдеріне пән сабақтарының электрондық журналды жүргізу, оқушылардың үлгерімін бақылау және бағалау, есептер мен оқу материалдарын автоматтандыру процесстері қолжетімді.

Толығырақ

Ата-ананың мүмкіндіктері

Ата-аналар балаларының үлгерімін онлайн қадағалап, пәндер бойынша оқу-тапсырма материалдарымен танысып, мектеппен және мұғалімдермен онлайн түрде байланыста бола алады.

Толығырақ

Мектеп басшылығының мүмкіндіктері

Мектептегі оқу-тәрбие үдерістерін басқару, тағайындау, сыныптарда білім сапасының орындалуын бақылау, мониторинг жүргізу және статистикалық есептерді алу мүмкіндіктері қолжетімді.

Толығырақ

Техникалық қолдау қызметі

Біз сіздің сұрақтарыңыз бен өтініштеріңізге жауап беруге әрқашан дайынбыз. Сұрауларыңызды біздің анықтамалық сайт арқылы жібере аласыз.

Support.edus

OK.EDUS

оқушыға арналған портал

Қымбатты оқушы! Егер сен оқитын мектеп осы EDUS Mektep білім беру платформасына қосылған болса, онда сенде оқу материалдарын онлайн игеруге тамаша мүмкіндік бар.

Мұнда сенің оқу күнделігің, сабақтар кестесі, пәндер мен үй тапсырмалары, өз бетінше оқу ресурстары, сыныптастарың мен мұғалімдерің қамтылған. OK.EDUS-ке қош келдің!

OK.EDUS порталына өту

Мұғалімдер үшін мобильді қосымша

Ата-аналар үшін мобильді қосымша

Оқушылар үшін мобильді қосымша

Мектепке арналған EDUS білім платформасы - электрондық жүйе

Мектептегі оқу-білім процестерін автоматтандыруға көмектеседі, мұғалімдердің, оқушы және ата-ана жұмысын электронды цифрлық форматта жүргізуге мүмкіндік береді

Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі

11.09.2013 | 333

Маңғыстау облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесі

Ағымдағы жылдың 27 тамызы күні Ақтау қаласында «Сапалы білім мен тәрбие беру –Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы» тақырыбында Маңғыстау облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесі өтті.

Ағымдағы жылдың 27 тамызы күні Ақтау қаласында «Сапалы білім мен тәрбие беру –Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы» тақырыбында Маңғыстау облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесі өтті.

Пленарлық мәжіліске Маңғыстау облысының әкімі Алик Cерікұлы Айдарбаев, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясының Президенті Жылбаев  Жанбол Октябрұлы, «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облысы филиалы өкілдері, мәслихат депутаттары, аудан,қала әкімдері, басқарма, департамент  басшылары, ардагер ұстаздар, ата-аналар, облыс педагогтары, БАҚ өкілдері  қатысты.

Облыстың білім жүйесінің жетістіктері көрмесі ұйымдастырылып, облыстың 40 жылдық мерейтойына орай білім жүйесінің 40 жылдық тарихы туралы бейнефильм көрсетілді.

Облыс әкімі А.С.Айдарбаев облыс ұстаздарын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыстарын табыстады.

«Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының жеңімпазы Түпқараған ауданы М. Әбдіхалықов атындағы орта мектепке 14 млн 979 мың теңге мөлшеріндегі грант сертификаты берілді.

Облыстық «Үздік педагог-2013» конкурсының Бас жүлде жеңімпаздары Ақтау қаласы экономикалық лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Т. Төрееваға, Түпқараған ауданы «Құлыншақ» балабақшасының тәрбиешісі Р.Б. Тулееваға, Жаңаөзен қаласы О.Тұрмағамбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжінің оқытушысы Т.М.Ускинбаевқа бағалы сыйлық - компьютер сыйға тартылды.

ҚР БжҒМ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясының Президенті Ж.О.Жылбаев құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің марапаттарын табыстады.

Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысы Д.Н.Жұмашева «Сапалы білім мен тәрбие беру-Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы»  атты тақырыпта  Маңғыстау облысы білім беру саласының жай - күйі туралы баяндама жасады.

Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Б.Қ.Айтбаев,  Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Б.Тұяқов, «Өрлеу» Біліктілік арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры И.Т.Жұмағалиева, Маңғыстау туризм колледжінің директоры М.Измухамедов, Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының директоры Р.Ш. жарыссөзге қатысты.

Осы күні түске дейін Облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты мен Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында секциялық жұмыстар өтті.

Туындаған сұрақтарыңыз бар ма? Қолдау қызметіне хабарласыңыз

Өлкемізбен танысайық

Маңғыстау өңіріне арналған танымдық онлайн жоба: Интерактивтік карталар, виртуалды 3D-саяхат, бейне-материалдар, ғажайып өлкенің тарихы туралы мағлуматтар.

Ресурсқа өту »