Білім жаңалықтары
29.05.2025 | 67
Павлодарлық колледж студенті Google компаниясынан арнайы шақырту алды
Павлодарлық колледж студенті Google компаниясынан арнайы шақырту алды
Павлодар қаласындағы IT-колледждің студенті Даниил Барт Google компаниясынан Берлин қаласында өтетін халықаралық Google I/O - 2025 конференциясына қатысу үшін арнайы шақырту алды. Бұл шара Еуропа, Азия, Таяу Шығыс пен Африканың үздік мамандарын біріктіреді.
Даниил — әлем бойынша техникалық құзыреттілікті растаудың қатаң талаптарынан сүрінбей өткен санаулы студенттердің бірі.
«Конференция және одан кейінгі тағылымдама жасанды интеллект, Android, бұлтты платформалар мен веб-технологиялар саласындағы озық білімге жол ашады. Мен осындай деңгейдегі шараға елімнің атынан қатысатыныма қуанамын», — дейді Даниил Барт.
Студенттің бұл халықаралық компаниямен серіктестігі 2023 жылы колледждің 1-курсында басталды. Ол Қазақстанда Google ұйымдастырған техникалық іс-шаралар мен байқауларды өткізетін команда құрамына кірді.
Қазір Даниил Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінің 3-курсында оқиды. Бағдарламалауға қызығушылығы мектепте пайда болып, колледжде түрлі байқаулар мен хакатондарға белсенді қатыса бастады. 2023 жылы WorldSkills Kazakhstan байқауында «алтын» жеңіп алды, 2024 жылы ол Иранда өткен халықаралық турнирде үздік ондыққа енді. «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығының лауреаты және Google қауымдастығы аясында бірқатар жобалардың авторы болып табылады.
-
-
29.05.2025 | 81
ҚР Оқу-ағарту министрі азаматтарды жеке қабылдады
-
28.05.2025 | 324
Астанада қазақ-француз мектебінің құрылысы басталды
-
28.05.2025 | 177
56 күн: педагогтер еңбек демалысы туралы не білуі керек
-
27.05.2025 | 187
#БалаларҮні республикалық челленджі басталды