Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

13.06.2025 | 45

Қазақстандық оқушылар EuPhO-2025 еуропалық физика олимпиадасында ел намысын қорғайды

Қазақстандық оқушылар EuPhO-2025 еуропалық физика олимпиадасында ел намысын қорғайды

13–17 маусым аралығында Болгарияның София қаласында Еуропалық физика олимпиадасы EuPhO-2025 өтеді. Олимпиадаға 30 елден 200-ден астам мектеп оқушылары қатысады.
????????

 Қазақстан құрамасына 2024–2025 оқу жылындағы Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері және физика пәні бойынша олимпиадалық резерв мүшелері енді:✅

Ілияс Қазымбек – Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы;
✅

Роман Черемнов – Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;
✅

Даниэль Тюлюбаев – Астана қаласындағы «Нұрорда» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;
✅

Таир Абдикадыр – Қостанай облыстық «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
✅

Алтаир Ақанов – Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы.
⚙️

Қазақстан құрамасының жетекшілері:
✅

Андрей Владимирович Сидоренко – жаттықтырушы, республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы;
✅

Темірлан Айдарұлы Исмағұлов – жаттықтырушы, республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы.
✨

Біздің командамызға сәттілік тілейміз!

 Анықтама үшін: Еуропалық физика олимпиадасы — ғылымға қызығушылығы бар, дарынды мектеп оқушыларына арналған халықаралық аймақтық жарыс. Өткен жылы Қазақстан құрамасы 2 күміс және 2 қола медаль иеленген болатын.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки