Білім жаңалықтары
23.06.2025 | 51
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінде мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінде мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Оқу-ағарту министрлігінде салтанатты шара өтті.
Ведомство басшысы Ғани Бейсембаев әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік қызметтің тиімді басқарудың негізі ретіндегі маңыздылығын атап өтті.
«Мемлекеттік қызмет - мемлекеттік жүйедегі маңызды тетік. Ол ашықтық, құзыреттілік, этика және тиімділік секілді негіздерден қалыптасады. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби жұмысы мемлекеттілікті нығайтуда және азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруда маңызды фактор болуы тиіс», — деді министр.
Іс-шара аясында ұзақ жылғы еңбегі, білім беру жүйесін дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін мемлекеттік қызметкерлерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті. «Еңбек ардагері» медалімен Қаламқас Алғазинова мен Бағымгүл Көптілеуова марапатталды.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығымен Дина Сәрсенова «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен, ал Батес Әміржанова «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталды.
Сондай-ақ министрліктің комитеттері мен аумақтық департаменттерінің бірқатар қызметкерлері ведомстволық марапаттарға ие болды.
-
-
20.06.2025 | 102
Павлодарлық студенттер сирек кездесетін құс тұқымдарын өсіруде
-
17.06.2025 | 134
Қазақстандық оқушы Еуропаның ең үздік физигі атанды
-
17.06.2025 | 125
Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады