Білім жаңалықтары
24.06.2025 | 29
Қазақстандық оқушылар жасөспірімдер арасындағы математикадан Балқан олимпиадасына (JBMO) қатысады
Қазақстандық оқушылар жасөспірімдер арасындағы математикадан Балқан олимпиадасына (JBMO) қатысады
2025 жылғы 24–29 маусым аралығында Солтүстік Македонияның Струга қаласында жасөспірімдер арасындағы математикадан Балқан олимпиадасы (JBMO) өтеді.
Беделді жарысқа Албания, Босния және Герцеговина, Болгария, Кипр, Грекия, Молдова, Черногория, Румыния, Сербия, Македония және басқа да 20-дан астам елден 16 жасқа толмаған оқушылар қатысады.
Қатысушылардың қатарында — еліміздің ұлттық құрамасы да бар.
Географиялық тұрғыдан Балқан өңірінен тыс орналасқанына қарамастан, Қазақстан 2004 жылдан бері JBMO-ға қонақ ел мәртебесінде тұрақты түрде қатысып келеді.
Еліміздің намысын республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарынан құралған алты үздік оқушы қорғайды: Нұртай Мәлік (9-сынып, «Білім-инновация», Ақтөбе қ.), Ануар Ағыбаев (9-сынып, Nurorda, Алматы қ.), Александр Олейников (9-сынып, Nurorda, Алматы қ.), Жәңгір Булат (8-сынып, РФМШ, Алматы қ.), Батырхан Бейганов (9-сынып, РФМШ, Алматы қ.), Мирас Кенесбек (9-сынып, «Білім-инновация», Қарағанды қ.).
Құраманың жетекшілері -
Сергей Полянских және
Перизат Саутбекова.
Еске сала кетейік, 2024 жылы Түркияның Анталья қаласында өткен олимпиадада Қазақстан құрамасы 6 медаль — 2 алтын, 3 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алған болатын.
Қазақстандық жас математиктерге сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз!
-
-
20.06.2025 | 110
Павлодарлық студенттер сирек кездесетін құс тұқымдарын өсіруде
-
17.06.2025 | 138
Қазақстандық оқушы Еуропаның ең үздік физигі атанды
-
17.06.2025 | 129
Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады