17.07.2025 | 26
Білім жаңалықтары
17.07.2025 | 25
«Мен жұмысшы мамандықты таңдаймын» онлайн-байқауы басталды
«Мен жұмысшы мамандықты таңдаймын» онлайн-байқауы басталды
Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен 2025 жылғы 15 шілде мен 15 тамыз аралығында Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Мен жұмысшы мамандықты таңдаймын» атты республикалық онлайн-байқау өтуде. Байқаудың мақсаты – жастар арасында жұмысшы мамандықты саналы түрде таңдауды насихаттау, техникалық және кәсіптік білімге оң көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ болашақты саналы жоспарлауға бағыт беру.
Байқау колледжге түсетін талапкерлерге, яғни 9 және 11 сынып түлектеріне, 1 курс студенттеріне, сондай-ақ жастардың кәсіби бағдарлануында маңызды рөл атқаратын олардың ата-аналарына, ұстаздар мен тәлімгерлерге арналған.
Ол үшін қатысушы ұзақтығы 60 секундқа дейінгі қысқаша вертикалды бейнеролик түсіруі қажет. Бейнеролик қазақ немесе орыс тілінде түсірілуі мүмкін және онда қатысушы өз мамандығын не себепті таңдағанын, бұл шешімге не түрткі болғанын және алдағы кәсіби мақсаттарын айтып беруі тиіс. Роликте қатысушының аты-жөні, қаласы мен колледжі, таңдаған мамандығы көрсетілуі керек. Міндетті талап – бейнероликте 2025 жылғы Жұмысшы мамандықтар жылының логотипін қолдану. Видео әлеуметтік желілерде #МенЖұмысшыМамандығынТаңдаймын #ЖұмысшыМамандықтарЖылы2025 ресми хэштегтермен және ұйымдастырушылардың аккаунттарын: @godrp @oqu_agartu_ministrligi, Tik Tok: @mamanfest.kz белгілей отырып жарияланады.
Байқау аясында әртүрлі номинациялар мен естелік сыйлықтар қарастырылған. Ең үздік видеороликтер ведомствоның ресми ресурстарында кең аудиторияға ұсынылады.
-
-
15.07.2025 | 78
КҮН САНЫ
-
11.07.2025 | 110
Қазақстанда WorldSkills-2025 өңірлік чемпионаттары табысты өтті
-
09.07.2025 | 181
«Үздік педагог» атағының иегері 4 млн. теңгеге жуық сыйақы алады