05.09.2025 | 44
Білім жаңалықтары
03.09.2025 | 155
Қазақстандық жасөспірімдер Еуропалық олимпиадада бақ сынауда
Қазақстандық жасөспірімдер Еуропалық олимпиадада бақ сынауда
2025 жылғы 29 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында Болгарияның Шумен қаласында Информатикадан IX Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы (EJOI) өтуде.
EJOI – 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында бағдарламалау мен алгоритмдік есептерді шешу бойынша ұйымдастырылатын жыл сайынғы зияткерлік сайыс. Бұл беделді дода жас қатысушылар үшін Халықаралық информатика олимпиадасына (IOI) қатысудың маңызды іріктеу алаңы әрі кәсіби дайындық трамплині болып саналады.
Биылғы олимпиадаға 24 мемлекеттен келген оқушылар қатысуда. Қазақстан құрама командасы олимпиадалық резервтің үздік өкілдерінен құралған.
Команда құрамы:
* Әбілмансұр Құрмет – Атырау облысы, Білім-инновация лицейінің 9-сынып оқушысы;
* Нұрәлі Шаймерден – Көкшетау қаласы, Білім-инновация лицейінің 9-сынып оқушысы;
* Дінмұхаммед Мұғжан – Көкшетау қаласы, Білім-инновация лицейінің 9-сынып оқушысы;
* Саят Юсупов – Өскемен қаласы, Білім-инновация лицейінің 9-сынып оқушысы.
Жас олимпиадшыларға тәжірибелі жаттықтырушылар жетекшілік етуде:
* Әлімжан Аманов – PhD докторы, ҚБТУ профессор-ассистенті;
* Батыр Сардарбеков – республикалық және халықаралық олимпиадалар мен спорттық бағдарламалау чемпионаттарының жеңімпазы.
Анықтама үшін: Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы (EJOI) алғаш рет 2017 жылы Болгарияның София қаласында ұйымдастырылды. Былтыр Кишиневте (Молдова) өткен EJOI-2024 додасында Қазақстан құрама командасы төрт медаль иеленген болатын.
Қазақстандық жас дарындарға жаңа белестерді бағындыруда сәттілік тілейміз!
-
-
04.09.2025 | 118
Еліміздегі Балалардың әл-ауқат индексі 2,5 пунктке артты
-
03.09.2025 | 156
Қазақстандық жасөспірімдер Еуропалық олимпиадада бақ сынауда
-
03.09.2025 | 114
Үш ауысымды мектептердің саны төрт есе қысқарды
-
02.09.2025 | 182
4,1 миллионнан астам оқушы жаңа 2025–2026 оқу жылын бастады
-
02.09.2025 | 136
Жаңа оқу жылының сандық деректері
-
30.08.2025 | 247
Конституция күні қарсаңында мемлекеттік қызметшілер ант берді