Білім жаңалықтары
17.09.2025 | 21
«Пәндер оқушылар үшін қызықты әрі мазмұндырақ бола түсті»: резервистер «Келешек мектептерін» қалай басқаруда?
«Пәндер оқушылар үшін қызықты әрі мазмұндырақ бола түсті»: резервистер «Келешек мектептерін» қалай басқаруда?
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі жаңа айдар ұсынады. Біз мұнда қазіргі таңда «Келешек мектептерін» басқарып отырған «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының қатысушылары жайлы айтамыз.
Солардың бірі – Сәуле Ескендір. «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының қатысушысы бүгінде «Келешек мектептері» Ұлттық жобасы аясында салынған елордадағы №113 жалпы орта білім беретін мектептің директоры.
Аталған білім ордасында 3800-ден астам оқушы білім алуда. Оларға 200-ден астам маман білім береді. Ал мектеп басшысы білім беру көшбасшыларын дайындау барысында меңгерген білімі мен қабілеттерінің бәрін пайдалануда.
«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы бізді күнделікті жұмыс пен стратегиялық ойлаудағы шеберліктен бөлек, қоғам үшін қызмет ету миссиясына баулыды. Білім алушыларды өз еліне қызмет ететін тұлға етіп тәрбиелеу қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Бұл үшін ең алдымен мықты команда құру қабілеті қажет. Оған қатысты да көп ақпарат алып, шыңдалдық. Нәтижесінде, бір мақсатқа жұмылған ұжымымызбен білім беру процесін жетілдіру үшін барымызды салып жатырмыз. Өзгерістер қазірдің өзінде байқалып отыр. Пәндер оқушылар үшін қызықты әрі мазмұндырақ бола түсті», – дейді Сәуле Ескендір.
Ал мұғалімдердің айтуынша, жыл басталғалы сабақтар қажетті материалдық-техникалық база мен құрал-жабдықтар толықтай қамтамасыз етілген кабинеттерде өтуде. Информатика, STEM және робототехника ұстаздары заманауи жабдықталған кабинеттер сабақ өткізуге, әсіресе ЖИ құралдарын қолдануға мүмкіндік бергенін атап өтті. Олардың сөзінше, балалардың тақырыпты қабылдауы бұрынғымен салыстырғанда қызықты әрі мазмұнды бола түскен.
Дәл сол секілді төрт спорт залының болуы да үлкен артықшылық. Тағы қыз балалар мен ұл балаларға арналған арнайы шеберханалар да әр оқушының қызығушылығы мен шығармашылыған жағдай жасайтын орта. Мұның бәрі білім беру сапасын ғана емес, оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізеді.
-
-
12.09.2025 | 130
Өңірлік білім басқармаларының басшылары туралы ақпарат