Білім жаңалықтары
22.09.2025 | 47
Рекордтық көрсеткіш: ауыл мектептерінің 125 мыңнан астам оқушысы республикалық олимпиадаға қатысуда
Рекордтық көрсеткіш: ауыл мектептерінің 125 мыңнан астам оқушысы республикалық олимпиадаға қатысуда
24 қыркүйекте ауыл мектептерінің оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І кезеңі басталды. Биыл мектепішілік іріктеу кезеңіне 9-11(12) сыныптардан 125 мыңнан астам оқушы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 мыңға артық. Мектепішілік кезең smart.daryn.kz цифрлық платформасында өтеді және 2025 жылғы 28 қыркүйекте аяқталады.
Ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиада алғаш рет 2023 жылы ұйымдастырылды. Жобаның басты мақсаты – ауылдық және шалғай өңірлердегі талантты балаларды анықтау және қолдау, оларды сапалы білімге тең қолжетімділікпен қамтамасыз ету және зияткерлік әлеуетін дамыту.
Олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 13 пән бойынша өткізіледі және төрт кезеңнен тұрады: І кезең (мектепішілік, іріктеу) – қыркүйекте; ІІ кезең (аудандық) – қазанда; ІІІ кезең (облыстық) – қарашада; IV кезең (республикалық) – желтоқсанда өтеді.
Өткен жылдары жеңімпаздарды қолдауға ерекше назар аударылды: пән бойынша олимпиаданың І дәрежелі диплом иегерлері барлық кезеңнен өткен жағдайда республикалық кезеңге конкурстан тыс қатыса алады.
«Екі жылда олимпиаданы өткізу тәжірибесі ауыл оқушыларының қызығушылығы мен ынтасының артқанын көрсетті. Жүлдегерлер саны 10 есе көбейді», – дейді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.
Олимпиада финалистері «Дарын» республикалық сырттай мектебінде оқуды жалғастыру мүмкіндігіне ие болады. Мұнда оларға республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары болып табылатын тәжірибелі педагогтер сабақ береді. Оқушылар пәндерді тереңдетіп оқумен қатар, олимпиадаларға дайындық стратегияларын меңгереді және білім беру ресурстарын тиімді пайдалануды үйренеді.
-
-
22.09.2025 | 111
Жасанды интеллект және жаңа инженерлік додалар