Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

05.10.2025 | 99

ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қазақстандық ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтады

ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қазақстандық ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтады

Құрметті ұстаздар, қадірлі әріптестер!

Сіздерді Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын Ағартушы-педагог Ы.Алтынсариннің «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деген сөзі мұғалімнің ел болашағының іргетасын қалаушы ретінде маңызды рөлін дәлелдей түседі. Біздің міндет – білімді, адал, жаһандық бәсекеге қабілетті, озық ойлы ұрпақ тәрбиелеу арқылы ел болашағының сенімді әрі сапалы негізін қалау.

Мұғалімнің жай ғана мамандық иесі емес, қоғамның озық тұлғасы ретінде беделін биіктеткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұстазды қоғамның басты кейіпкері ету - мемлекеттік саясаттың басым бағыты деп айқындаған болатын.

Мемлекет басшысы мұғалімдердің құқықтық мәртебесін одан әрі нығайтуды тапсырып, бірнеше міндеттер жүктеді. Осыған байланысты біз Парламент Мәжілісімен бірге заңнамалық өзгерістерді жүзеге асыратын боламыз және осы жолы да ұстаздар қоғамдастығымен міндетті түрде ақылдасатындығымызды да атап өткім келеді.

Балаларымызға сапалы біліммен қатар, саналы тәрбие беру де педагогикалық қауымдастыққа жүктелген аса маңызды міндет. Оған мемлекет пен мектеппен қатар, ата-аналардың да атсалысуы өзекті.

Құрметті ұстаздар!
Баршаңызға келіп жеткен ұстаздар мерекесі құтты болсын! Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өнегелі еңбектеріңіз жемісті болсын!

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки