Білім жаңалықтары
06.10.2025 | 23
2026–2027 оқу жылына арналған мектеп оқулықтарының жобалары талқылауға шығарылды
2026–2027 оқу жылына арналған мектеп оқулықтарының жобалары талқылауға шығарылды
2026–2027 оқу жылында енгізілетін мектеп оқулықтарының жобалары Білім беру мазмұнын сараптау орталығының https://talqylau.bmso.kz сайтында қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқулықтарды талқылау ««Оқу әдебиеттерін қоғамдық талқылау» бөлімінде келесі пәндер бойынша жүргізіледі:
• 4-сыныптарға арналған: «Қазақ тілі», «Орыс тілі» (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін), «Математика» (қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептер үшін), «Дүниетану», «Әдебиеттік оқу»
• 7–10 сыныптарға арналған: «Дүниежүзі тарихы», «Алгебра», «Қазақ тілі», «Химия», «Биология», «Физика», «География», «Құқық негіздері», «Шетел тілдері» (ағылшын, неміс, француз тілдері) оқулықтарын қамтиды.
Қоғамдық талқылау онлайн форматта өткізіледі. Бұл өз кезегінде педагогтерді, ғалымдарды, әдіскерлерді және мектеп оқулықтарының сапасына бей-жай қарамайтын қазақстандықтардың қатысуына мүмкіндік береді.
Айта кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оқулықтар бес сатылы сараптамадан өтеді: ғылыми-педагогикалық сараптама, пысықтау кезеңі, пилоттық мектептерде апробация, қоғамдық талқылау және пәндік сараптамалық комиссияның қорытындысы.
Қазіргі уақытта аталған оқулықтар қоғамдық талқылаумен қатар, еліміздің бірнеше өңірінде 34 пилоттық мектепте сынақтан өтуде.
Пәндік сараптамалық комиссияның шешімімен барлық кезеңнен өткен оқулықтар мектептерде қолдануға және Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі бекітетін оқулықтар тізбесіне енгізуге ұсынылады.
-
-
06.10.2025 | 39
Қазақстандық мектептерде бейіндік сыныптар ашылуда
-
06.10.2025 | 62
Қазақстандық мектептерде бейіндік сыныптар ашылуда
-
02.10.2025 | 162
Жаңа оқу жылында 10 мыңнан астам жас педагог жұмысқа қабылданды