Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

20.10.2025 | 33

«Келешек мектептері» – жаңа жоба ғана емес, ол жаңа мәдениетті қалыптастыруда

«Келешек мектептері» – жаңа жоба ғана емес, ол жаңа мәдениетті қалыптастыруда

«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы арқылы кадрлық резервтен іріктелген жаңа буын басшылары бүгінде «Келешек мектептерін» басқаруда.
Солардың бірі – Дилшод Хамракулов, Түркістан қаласында «Келешек мектептері» Ұлттық жобасы аясында салынған №34 жалпы білім беретін мектептің директоры. Ол «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының 2024 жылғы түлегі.

Аталған білім ордасында 1100-ге тарта оқушы білім алуда, 120 маман педагог, мамандар еңбек етеді.
«Бүгінгі білім беру жүйесінде мықты менеджер болу үшін классикалық дағдылар жеткіліксіз. Осы тұрғыдан алғанда, «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы мектеп басшыларына ең қажетті қабілеттерді берді. Оның бірі – аналитикалық талдау жасау қабілеті. Сондықтан өз жұмысымда әуелі терең талдау жасауды ескеремін. Ал «Келешек мектебі» – жаңа жоба ғана емес, жаңа мәдениет. Оқу үрдісіндегі жаңашылдықтарды оқушыларымыз үлкен сеніммен қуана қабылдауда», – дейді Дилшод Хамракулов.

Мектеп өз оқушыларының жартысына жуығы қатысқан сауалнама нәтижесімен де бөлісті. Ондағы деректерге сүйенсек, білім алушылар Келешек мектебіндегі оң өзгерістерді анық сезінуде. Балалар әсіресе заманауи білім беру құралдарының енгізілуін, цифрлық ресурстардың қолжетімділігін, пәнаралық байланыстың күшеюін, нақты өмірмен байланысты білім алуға бағытталған тәсілдердің қолданылуын жоғары бағалаған.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки