Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

24.10.2025 | 73

Республика күні қарсаңында білім саласы қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды

Республика күні қарсаңында білім саласы қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды

Бүгін Республика күні мерекесінің қарсаңында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова білім беру саласының үздік қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Министр Жұлдыз Сүлейменова барша ұстаздар мен білім саласының қызметкерлерін келе жатқан Республика күнімен құттықтады.

Салтанатты рәсімде білім беру жүйесінде ұзақ жылдар бойы табысты еңбек етіп келе жатқан министрлік қызметкерлері, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне құрмет көрсетілді.

Оларға еліміздің білім беру жүйесінің дамуына, жас ұрпақ тәрбиесіне және оқу сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен «Ерен еңбегі үшін» медалі тапсырылды.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки