Білім жаңалықтары
29.10.2025 | 68
Көкшетау қаласындағы №20 мектеп-гимназиясы — жаңа буын көшбасшысы басқаратын заманауи «Келешек мектебі»

Көкшетау қаласындағы №20 мектеп-гимназиясы — жаңа буын көшбасшысы басқаратын заманауи «Келешек мектебі»
Көкшетау қаласында «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы арқылы кадрлық резервтен іріктелген жаңа буын басшыларының бірі — Манаргүл Тохан басқаратын №20 мектеп-гимназия табысты жұмыс істеуде. Білім ордасы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған заманауи инфрақұрылымымен және білім беру сапасын арттыруға бағытталған инновациялық тәсілдерімен ерекшеленеді.
Биылғы оқу жылында мектепте 1100-ден астам оқушы білім алуда. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім ордасында 170 бейнебақылау камерасы орнатылған. Барлық камералар жедел басқару орталығына қосылған және ғимараттың іші мен сырты тәулік бойы бақылауда. Сонымен қатар, мектеп дәліздерінде полиция орталықтарымен тікелей байланыстыратын шақыру батырмалары орнатылған. Оқушылар мен қызметкерлердің мектепке кіруі мен шығуын бақылау үшін «Alaqan Mektep» жүйесі енгізілді.
Манаргүл Тоханның айтуынша, мектептің табысты дамуы ең алдымен педагогтер мен оқушылардың өзара сеніміне және кәсіби қолдауға негізделеді.
«Мұғалімдерді қолдау мен олардың кәсіби дамуына жағдай жасау, әр оқушының тұлға болып қалыптасуына қолайлы орта құру – тікелей директордың жауапкершілігінде. Осы тұрғыда қалай жұмыс істеп, қандай шаралар қабылдау керектігін біз «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында меңгердік. Бұл бағдарлама сапалы мектеп басшыларының жаңа толқынын қалыптастыруға үлкен серпін берді», – дейді ол.
Мектепте сондай-ақ педагогтердің кәсіби шеберлігін дамыту, тәжірибе алмасу, құндылыққа негізделген білім беру мәдениетін қалыптастыру бағыттарына баса назар аударылған. Мұғалімдер әдістемелік бірлестіктер арқылы бір-бірінен үйреніп, білім беру мазмұнын жаңғыртуға белсенді қатысуда.
-
-
28.10.2025 | 86
Қазақстанда «Жасыл балабақшалар» саны артып келеді
-
24.10.2025 | 197
КҮН САНЫ

