Білім жаңалықтары
31.10.2025 | 38
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Институционалдық аккредитация сертификатына ие болды

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Институционалдық аккредитация сертификатына ие болды
Германияның ACQUIN – аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институты ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының жұмысы әлемдік білім сапасы стандарттарына толық сәйкес келетінін растады.
«Өрлеудің» басқарма төрағасы Айдана Шилибекованың айтуынша, соңғы жылдары «Өрлеу» стратегиялық даму, білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету және инновациялық тәсілдерді іске асыру басымдықтарын айқындай отырып, өз қызметіндегі барлық ішкі және сыртқы процесті қайта қарап, күшейтті.
«Өрлеу» ұлттық орталығы жұмыс сапасын арттыруға және үнемі жетілдіруге басымдық береді. Біз тыңдаушыларымыздың қажеттіліктерін талдау үдерісін күшейту, оқытудың гибридтік түрлерін енгізу, білім беру бағдарламалары мен ПОҚ біліктілігіне қойылатын талаптарды арттыру, курстан кейінгі қолдауды жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастырамыз. Бұл шаралар бізге аудиторияны кеңейтуге және халықаралық деңгейде бірегей білім беру өнімдерін ұсынуға мүмкіндік береді», - дейді Басқарма төрағасы.
Анықтама үшін: ACQUIN институтының құрамына 150-ден астам халықаралық жоғары оқу орны мен кәсіби ғылыми қауымдастық кіреді. ACQUIN қызметі EQAR, ENQA, EUA, CEENQA және INQAAHE сияқты беделді халықаралық агенттіктермен танылған.
-    
-    28.10.2025 | 132 Қазақстанда «Жасыл балабақшалар» саны артып келеді

