Білім жаңалықтары
11.12.2025 | 457
Қазақстанда балаларға арналған ұйымдарды тексеру тәртібі өзгерді

Қазақстанда балаларға арналған ұйымдарды тексеру тәртібі өзгерді
Елімізде 2026 жылдың 1 ақпанынан бастап мемлекеттік бақылаудың жаңа тәртібі күшіне енеді. Бұл тәртіп уәкілетті органға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын және балалардың тамақтануын, жатын орнын қамтамасыз ету, білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру қызметтерін көрсететін ұйымдарды қызметі басталар алдында және оны көрсету барысында кенеттен тексеруге құқық береді. Бұл бақылау шараларын жедел жүргізуге және ықтимал бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға жағдай жасайды.
Мемлекеттік бақылау «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңымен реттеледі. Ол бақылаудың арнайы тәртібін бекітіп, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды күшейтеді.
«Кенеттен тексерулерді енгізу балалардың қорғалуын, мемлекеттік бақылауды күшейтеді. Енді уәкілетті орган нақты бұзушылықтар туралы сигнал түскен жағдайда өз шешімімен тексеру тағайындап, нысанға дереу шыға алады. Сигнал түскен кезде нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізіледі», — деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Айта кетейік, 4 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Жаңа нормалар 2026 жылғы 1 ақпанда күшіне енеді.
-
-
27.02.2026 | 140
Алматыда «BilimHack Almaty–2026» студенттік хакатоны өтті
-
27.02.2026 | 102
Техникалық және кәсіптік білім беру саласында іргелі реформалар
-
27.02.2026 | 132
Білім берудің цифрлық трансформациясы
-
27.02.2026 | 122
«Адал азамат» - заманауи тәрбие мен сапалы білімнің негізі
-
27.02.2026 | 118
Балалар саясаты 2030 жылға дейін жүйелі түрде жаңғыртылады

