Білім жаңалықтары
30.12.2025 | 77
2026 жылдың соңына дейін барлық электронды журнал жүйесі QazTech платформасында бірыңғай дерекқорға біріктіріледі

2026 жылдың соңына дейін барлық электронды журнал жүйесі QazTech платформасында бірыңғай дерекқорға біріктіріледі
Елімізде QazTech платформасы базасында бірыңғай орталықтандырылған қойма құруды көздейтін білім беру деректерінің жаңа архитектурасы енгізілді. Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз мәслихаты аясында оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов мәлімдеді.
Ол Мемлекет басшысының саланы терең цифрландыру жөніндегі тапсырмасы бойынша 2026 жылдың соңына дейін оқытуды басқарудың барлық жүйесі жаңғыртылған Ұлттық білім беру деректер базасымен (ҰБДБ) интеграцияланатынын атап өтті.
«Жеке LMS-те жылдар бойы жинақталған деректерді біз мемлекеттік деректер базасында жинақтаймыз. Бұл, мысалы, әртүрлі LMS түрлері Қолданылатын өңірлерде оқушыларды мектептен мектепке ауыстыру процесін жеңілдетеді»,
— деп атап өтті Асылбек Ахметжанов. 2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі мектептердің 99%-ы интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз етілді. Президенттің қала мен ауыл арасындағы цифрлық алшақтықты жою жөніндегі тапсырмасын орындау үшін 1 608 шалғайдағы мектеп Starlink спутниктік технологиясына қосылды.
-
-
29.12.2025 | 67
Оқу-ағарту министрі азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдады
-
26.12.2025 | 137
2025 жылы республикалық кадр резервіне 403 жаңа басқарушы енді
-
24.12.2025 | 130
Жұмысшы мамандықтар жылы қорытындыланды

