12.03.2026 | 36
Білім жаңалықтары
12.01.2026 | 933
Қазақстанда #ҚазақстанМұғалімдері/#УчителяКазахстана байқауының қорытындылары шығарылды

Қазақстанда #ҚазақстанМұғалімдері/#УчителяКазахстана байқауының қорытындылары шығарылды
Қазақстанда ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткен #ҚазақстанМұғалімдері/#УчителяКазахстана байқауының қорытындылары шығарылды. Жоба төртінші рет еліміздің түкпір-түкпіріндегі педагогтерді біріктірді.
Байқауға білім беру үдерісінде цифрлық форматтарды қолданатын мектептер, колледждер және жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты. Төрт жыл ішінде TikTok платформасында қазақ және орыс тілдерінде шамамен 100 мыңға жуық танымдық бейнеролик жарияланып, педагогтердің тұрақты кәсіби қауымдастығы қалыптасты.
Байқау қорытындысы бойынша Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәні мұғалімі Мирлан Джусамбаев, Шымкент қаласындағы №25 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Мади Райымбек және Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия пәні мұғалімі Асем Рахимова жеңімпаз атанды.
-
-
12.03.2026 | 54
Колледж студенттері тәжірибеден өтіп, өз өндірісін ашты
-
10.03.2026 | 104
Грузиядан 7 жастағы Қазақстан азаматы елге қайтарылды
-
06.03.2026 | 130
Қазақстанда педагогтердің 81,9% - әйелдер

