Білім жаңалықтары
21.01.2026 | 39
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы «Business Startup» студенттік орталықтарының саны артады

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы «Business Startup» студенттік орталықтарының саны артады
Техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялауға арналған 2025–2027 жылдарға арналған Жол картасы аясында елімізде «Business Startup» студенттік орталықтарын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Бүгінгі таңда ел аумағындағы 64 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының базасында 74 орталық жұмыс істейді. 2024 жылмен салыстырғанда олардың саны 20 орталыққа артқан. 2023 жылдан бастап бұл жоба пилоттық бастамадан ауқымды модельге көшірілді.
Орталықтар нақты сектор өкілдерімен әріптестікте жұмыс істеп, студенттерге тәжірибеге негізделген білім беруді қамтамасыз етеді. 2026–2027 жылдары тағы 48 «Business Startup» орталығын ашу жоспарланған, бұл жастардың кәсіпкерлік құзыреттерін нығайтып, экономиканың нақты секторы үшін кадр даярлауды күшейтеді.
-
-
17.01.2026 | 168
Жеке мектептерге қойылатын талаптар күшейеді
-
16.01.2026 | 163
Абай ұлттық мектебі тарихындағы жаңа кезең басталды
-
15.01.2026 | 163
Алматыда XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өз мәресіне жетті
-
14.01.2026 | 273
Қазақстанда өткен жылы 162 жаңа мектеп салынды

