Білім жаңалықтары
22.01.2026 | 110
Қазақстанда тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты

Қазақстанда тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты
Ақмола облысының Жаңаесіл ауылындағы Индустриялық технологиялар және сервис колледжі FASEP бағдарламасы аясында ауқымды халықаралық ынтымақтастықты қолға алды. Колледждің серіктесі - ауыл шаруашылығы саласындағы Францияның жетекші оқу орындарының бірі Agricampus Castelnaudary.
Еуропалық оқу орындарымен тәжірибе алмасу заманауи білім беру технологияларын енгізуге және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда жаңа мүмкіндіктер ашады. Ынтымақтастық аясында еуропалық озық оқыту әдістемелерін енгізу, агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру мен автоматтандыру саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және студенттердің біліктілігін арттыру көзделген.
FASEP бағдарламасы колледжге даму үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, озық технологияларға қол жеткізуге және студенттердің әлемдік кәсіби қауымдастыққа интеграциялануына жағдай жасайды. Бұл -кәсіби білім беруді жаңғырту мен Қазақстанның аграрлық саласының кадрлық әлеуетін дамыту жолындағы маңызды қадам.
Айта кету керек, 2025 жылы елімізде техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық аясында 170 меморандумға қол қойылды.
-
-
17.01.2026 | 254
Жеке мектептерге қойылатын талаптар күшейеді
-
16.01.2026 | 219
Абай ұлттық мектебі тарихындағы жаңа кезең басталды
-
15.01.2026 | 237
Алматыда XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өз мәресіне жетті

