24.01.2026 | 252
Білім жаңалықтары
24.01.2026 | 251
Жасанды интеллект: «Келешек мектептері» тәжірибесі

Жасанды интеллект: «Келешек мектептері» тәжірибесі
Қазақстан мектептерінде жасанды интеллектіні пайдалану арқылы оқыту әдістерін енгізу ісі жалғасуда. «Келешек мектептері» осы тәжірибені алғашқылардың бірі болып іске асырды. Астана қаласындағы №107, №101, №99 және №104 мектептер базасында апробациядан өтіп жатқан жобада жасанды интеллект мұғалімдердің күнделікті жұмысын оңтайландыруға пайдаланылады.
Бұл мектептердегі педагогтер отандық жасанды интеллект құралдары - Roqed AI, Kashgari және Stem-solutions, Kahoot платформаларын пайдалануда. Сонымен қатар «RobotAI» мұғалімдердің жұмысын жеңілдетіп, бақылау және тест нәтижелерін автоматты түрде бағалауға көмектеседі. Ал «Google Past» жүйесі оқушылардың материалды өз бетімен әзірлегенін немесе жасанды интеллектіні пайдаланғанын анықтайды. Аталған технологиялар мұғалімдер үшін сенімді көмекшіге айналуда.
«Жасанды интеллект сабақтарды көрнекі және интерактивті ете отырып, әр оқушының қажеттіліктерін ескере отырып өткізуге мүмкіндлік берді. Соның арқасында мұғалімдер оқушымен көбірек жұмыс жасауға көңіл бөле алады», — дейді №107 мектеп директорының орынбасары Бекманат Жаңаберген.
Сонымен қатар, пилоттық жоба жүзеге асырып жатқан мектептерде «Цифрлық сауаттылық» пен «Информатика» пәндерінің мазмұнына жасанды интеллект тақырыптары енгізілді. Сабақтар оқушылардың жас ерекшелігіне сай құрылып, бастауышта – қарапайым ұғымдар ойын арқылы түсіндірілсе, жоғары сыныптарда чат-бот құрастыру, деректерді талдау және этикалық кейстерді шешу секілді жобалық тапсырмалар қамтылған. Мұндай тәсіл оқушылардың сыни ойлауын, ақпараттық мәдениетін және технологияны пайдалануға жауапты түрде қарауға бағытталған.
-
-
17.01.2026 | 286
Жеке мектептерге қойылатын талаптар күшейеді
-
16.01.2026 | 243
Абай ұлттық мектебі тарихындағы жаңа кезең басталды
-
15.01.2026 | 261
Алматыда XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өз мәресіне жетті

