Білім жаңалықтары
29.01.2026 | 38
«Teacher’s Hackathon» республикалық педагогикалық хакатоны өз мәресіне жетті

«Teacher’s Hackathon» республикалық педагогикалық хакатоны өз мәресіне жетті
Қаңтар айының 28–29 аралығында Астанада алғаш рет ұйымдастырылған «Teacher’s Hackathon» республикалық педагогикалық хакатоны сәтті аяқталды. Іс-шара еліміздің барлық өңірінен келген жас педагогтердің басын қосты. Хакатонға 76 мамандандырылған мектептен жас педагогтер қатысып, 15 командаға бөліне отырып білім беру саласындағы өзекті мәселелерге бағытталған инновациялық жобаларын әзірледі.
Екі күнге созылған хакатон барысында қатысушылар заманауи педагогикалық тәсілдер мен цифрлық технологияларды қолдана отырып, өз идеяларын ұсынды, тәжірибе алмасты. Бұл алаң жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін ашуға және кәсіби қауымдастықтағы өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.
«Teacher’s Hackathon» - жас ұстаздардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, жобалық және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталған маңызды республикалық алаң ретінде қалыптасып келеді.
-
-
27.01.2026 | 93
Үкіметте «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы таныстырылды
-
24.01.2026 | 478
Жасанды интеллект: «Келешек мектептері» тәжірибесі

