Білім жаңалықтары
Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары
02.02.2026 | 517
Құрметті достар!

Құрметті достар!
Баршаңызға белгілі жаңа Конституциясының жобасы көпшілікке ұсынылды. Бұл – еліміздің саяси және құқықтық дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды қадам.
Конституциялық реформаларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Парламенттің бірпалаталы моделіне көшу туралы бастамасы негіз болды. Жарты жылға жуық жүргізілген сараптамалық жұмыс және қоғамдық талқылау нәтижесінде, өзгерістердің ауқымы мен тереңдігін ескеріп, жаңа Конституция қабылдау туралы шешім енгізілді.
Жоба Конституция деңгейінде Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, табиғатқа жауапкершілікпен қарау қағидаттарын бекітеді. Білім, ғылым, мәдениет пен инновацияға басымдық беру – адам капиталына сүйенетін заманауи мемлекеттің бағдарын айқындайды.
Құжаттың өзегінде – АДАМ, оның қадір-қасиеті, құқықтары мен жеке жауапкершілігі қарастырылған. Дәстүр, бірлік пен рухани құндылықтар қоғамның орнықты дамуының негізі ретінде айқындалған.
Конституция жобасында мемлекеттің зайырлы сипаты, сонымен бірге некенің ер мен әйелдің тең құқықты, ерікті одағы ретінде танылуы нақтыланған. Бұл – отбасы институтын, әйелдердің құқықтарын және ұрпақтар сабақтастығын қорғауға бағытталған маңызды норма деп санаймын.
Жобаның басты ерекшелігі – оның ашық әрі кең қоғамдық диалог арқылы әзірленіп, дайындалуында. Конституциялық комиссияның жұмысы тікелей эфирде, ашық форматта өтті.
-
-
02.04.2026 | 116
Қазақстандық колледж NCCER аккредитациясынан сәтті өтті
-
31.03.2026 | 126
Оқу-ағарту министрлігінде жаңа Конституцияны талқылау өтті

