Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

13.02.2026 | 63

Оқу-ағарту министрлігі бюджет шығындарын үнемдеуге кірісті

Оқу-ағарту министрлігі бюджет шығындарын үнемдеуге кірісті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалары, оның ішінде білім саласындағы бюджетті үнемдеу мақсатында ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өңірлік білім басқармалары мен аумақтық сапаны қамтамасыз ету департаменттері басшыларымен онлайн кездесті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, министрлік шығындарды азайтуға кірісті. Ендігі кезекте білім саласының ресурстары формальды шараларға емес, нақты сапаға бағытталады. Соның аясында, есеп беру үшін өткізілетін форумдар, жиындар саны қысқартылады. Республикалық және өңірлік шаралар тізіміне қатаң ревизия жүргізіліп, тек білім берудің мазмұнын байытатын жобалар ғана мемлекеттік қолдауға ие болады.

Бұған қоса кездесуде өңірлердегі кризистік менеджменттің сапасы, бала қауіпсіздігі министрліктің үнемі бақылауында екені айтылды. Министр мектептердегі техникалық қауіпсіздік, бейнебақылау, күзет қызметі, оқушылар арасындағы психологиялық климаттың толық бақылауда болуы керектігін жеткізді. Өңірлік басқарма басшыларына жергілікті жерде жедел әрі батыл шешімдер қабылдауды жүктеді. Ата-аналармен кері байланыс орнату мектептегі қауіпсіздік экожүйесінің ажырамас бөлігі екенін еске салды.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки