17.02.2026 | 68
Білім жаңалықтары
16.02.2026 | 98
Қазақстандық оқушылар республикалық ғылыми жобалар конкурсына 1000- ға жуық жоба ұсынады

Қазақстандық оқушылар республикалық ғылыми жобалар конкурсына 1000- ға жуық жоба ұсынады
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2026 жылғы 17-27 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңін өткізеді.
Конкурс 19 секция бойынша ұйымдастырылып, қорытынды кезеңге 993 оқушы 756 жоба ұсынады, оның ішінде командалық жобалар саны- 236. Ауыл мектептерінен қатысатын оқушылар саны -132.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша қорытынды кезең 17-20 ақпан аралығында Қарағанды қаласында өтеді, мұнда 370 оқушы 293 жобамен қатысады. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша кезең Астана қаласында 24-27 ақпан аралығында өткізіліп, 623 оқушы 463 жобамен қатысады.
Республикалық байқауға еліміздің беделді жоғары оқу орындарының 60-қа жуық профессор ғалымдары қазылық етеді. Байқау ережесіне сәйкес, жалпы қатысушылардың 45%-і ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ алтын, күміс және қола медальдарымен марапатталады.
Ең үздік жобалар жаратылыстану-математикалық пәндері бойынша Қазақстан атынан Regeneron ISEF-2026 Халықаралық ғылыми-техникалық көрмесіне ұсынылады, ол 2026 жылғы 9-15 мамыр аралығында АҚШ-тың Аризона штатындағы Финикс қаласында өтеді.
-
-
16.02.2026 | 82
2026 жылы Қазақстанда 90 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде
-
13.02.2026 | 148
Оқу-ағарту министрлігі бюджет шығындарын үнемдеуге кірісті
-
12.02.2026 | 198
Қазақстандық колледж халықаралық аккредитациядан сәтті өтті
-
11.02.2026 | 188
Жұлдыз Сүлейменова: Жобалар саны емес, сапа мен нәтиже маңызды

