Білім жаңалықтары
20.02.2026 | 25
650 мыңнан астам ата-ана педагогикалық қолдау орталықтарында оқудан өтті

650 мыңнан астам ата-ана педагогикалық қолдау орталықтарында оқудан өтті
2026 жылдың басынан бері ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарында жаңартылған 3.0 бағдарламасы бойынша 86 мыңнан астам сабақ өткізілді. Оқыту 650 мыңнан астам ата-ананы қамтып, бала тәрбиесі, психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп пен отбасының өзара іс-қимылын нығайтуға бағытталды.
Сабақтардың мазмұны педагогтер мен ата-аналар қауымдастығының ұсыныстарын ескере отырып жыл сайын жаңартылып отырады. Бағдарламаға тәжірибеге бағытталған тақырыптар мен әкелердің қатысуымен өтетін мектеп іс-шаралары енгізілген. Бұл отбасының бала тәрбиесіндегі рөлін күшейтіп, сенімді қарым-қатынас қалыптастыруға ықпал етеді.
Жаңартылған 3.0 бағдарламасы бағдарламасы үш бағытты қамтиды: ата-аналардың эмоциялық тұрақтылығы мен өз-өзіне деген сенімділігін дамыту, бала үшін қауіпсіз орта қалыптастыру, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға педагогикалық қолдау көрсету. Мұндай тәсіл балалардың жас, психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерін ескеріп, отбасылармен жүйелі жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.
Сабақтарды арнайы дайындықтан өткен педагогтер мен психологтер жүргізеді. Ата-аналар сенімді қарым-қатынас орнату, тәуекелдердің алдын алу, бала мен ата-ана арасындағы эмоциялық байланысты нығайту бойынша түрлі кеңестер алады. Ата- анадар арасында ең үлкен қызығушылыққа ие бағыттар- ересектердің жеке үлгісі мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты тақырыптар.
Сауалнама нәтижелері бойынша ата-аналардың көпшілігінің тәрбиеге ерекше мән бере бастағаны байқалады:
- ата-аналардың 73,9%-ы балаларымен күн сайын сөйлеседі;
- 89,6%-ы баланың қиындықтарына жедел әрекет етеді;
- 78%-ы баласының араласатын ортасын жақсы біледі;
- әрбір екінші ата-ана тәрбиелеу тәсілдерін қайта қарауға дайын;
- 62%-ы алған білімдерін күнделікті тәжірибеде қолдануды жоспарлайды.
Еске сала кетейік, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары 2023 жылдан бастап «Адал Азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында еліміздің барлық мектептерінде жұмыс істейді және мектеп пен отбасы арасындағы ашық диалогтың тиімді алаңына айналып, ата-аналарды бала тәрбиелеу мен дамытуға арналған практикалық құралдармен қамтамасыз етіп келеді.
-
-
19.02.2026 | 63
Кәсіби бағдар берудегі мектеп пен колледж сабақтастығы
-
17.02.2026 | 118
100 үздік колледж студенті анықталады
-
16.02.2026 | 146
2026 жылы Қазақстанда 90 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде
-
13.02.2026 | 186
Оқу-ағарту министрлігі бюджет шығындарын үнемдеуге кірісті
-
12.02.2026 | 234
Қазақстандық колледж халықаралық аккредитациядан сәтті өтті

