Білім жаңалықтары
21.02.2026 | 37
Жұлдыз Сүлейменова БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы Өкілін қабылдады

Жұлдыз Сүлейменова БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы Өкілін қабылдады
ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы Өкілі Рашед Мустафа Сарвармен кездесті.
Министр ЮНИСЕФ ұйымын 80 жылдығымен құттықтап, Қазақстанмен арадағы көпжылдық серіктестікті жоғары бағалады. Жұлдыз Сүлейменова БҰҰ Балалар қорымен ынтымақтастық өзара түсіністікті нығайтуға және балалардың мүддесі үшін ұлттық бағдарламаларды дамытуға септігін тигізетінін айтты.
Ведомство басшысы Қазақстанда бала құқықтарын қорғау аясында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстарға тоқталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың балалардың құқықтары және қауіпсіздігіне айрықша көңіл бөлетінін жеткізді. Президент тапсырмасымен соңғы жылдары балаларды қорғау тетіктерін күшейтуге, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті арттыруға және алдын алу жүйесін дамытуға бағытталған 10 заң қабылданғанына екпін салды.
Жұлдыз Сүлейменова балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды да атап өтті. Олардың қатарында еліміздің өңірлерінде ашылған психологиялық қолдау орталықтары, балаларға, ата-аналар мен педагогтарға тәулік бойы кеңес беретін «111» бірыңғай байланыс орталығының жұмысы бар. Өз кезегінде Рашед Мустафа Сарвар Қазақстандағы білім беру және балаларды қорғау саласындағы реформаларды жіті қадағалап отырғанын және жүйелі жұмыстың оң нәтижелерін көріп отырғанын атап өтті.
Тараптар RES 2026 өңірлік экологиялық саммиті қарсаңында «Жасыл мектеп» өңірлік платформасын құру бастамасын талқылады. Министр бұл ұсыныстың егжей-тегжейлі зерделенетінін жеткізді. Кездесу соңында тараптар Қазақстан балаларының игілігі үшін бірлескен жобаларды іске асыруға және ынтымақтастықты одан ары тереңдетуге дайын екендіктерін жеткізді.
-
-
19.02.2026 | 99
Кәсіби бағдар берудегі мектеп пен колледж сабақтастығы
-
18.02.2026 | 118
Қазақстандық колледж NCCER халықаралық аккредитациясынан өтті
-
17.02.2026 | 132
100 үздік колледж студенті анықталады
-
16.02.2026 | 168
2026 жылы Қазақстанда 90 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде
-
13.02.2026 | 198
Оқу-ағарту министрлігі бюджет шығындарын үнемдеуге кірісті

