Білім жаңалықтары
24.02.2026 | 61
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі басталды

Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі басталды
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша қорытынды кезеңін бастады. Шара қаңтар айының 27- сіне дейін жалғасады.
Конкурс 6 секция бойынша ұйымдастырылып, қорытынды кезеңге 463 жобамен 623 оқушы қатысады. Байқаудың басты мақсаты - оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, дарынды жас зерттеушілерді қолдау, сол арқылы елдің зияткерлік әлеуетін дамыту.
Конкурстың қазылар алқасы жұмысына еліміздің беделді жоғары оқу орындарының 60-қа жуық профессор ғалымдары шақырылды. Жеңімпаздар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алтын, күміс, қола медальдармен марапатталады.
-
-
19.02.2026 | 167
Кәсіби бағдар берудегі мектеп пен колледж сабақтастығы
-
18.02.2026 | 164
Қазақстандық колледж NCCER халықаралық аккредитациясынан өтті
-
18.02.2026 | 144
«Түркі әлемінің балалар ойындары халықаралық фестивалі» өтуде
-
17.02.2026 | 166
100 үздік колледж студенті анықталады

