Білім жаңалықтары
14.03.2026 | 9
Еліміздің барлық білім беру ұйымдарында Наурызнама онкүндігі басталды

Еліміздің барлық білім беру ұйымдарында Наурызнама онкүндігі басталды
Наурыз мейрамын мерекелеу аясындағы шаралар 12-23 наурыз аралығында еліміздің барлық мектептерінде өтуде. Осы күндері білім беру ұйымдарында тақырыптық челлендждер, экологиялық акциялар және ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылады.
Іс-шаралар «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылуда. Оның негізгі мақсаты - мәдени-әлеуметтік және спорттық шаралардың мазмұнын жаңарту, балаларға арналған цифрлық жобаларды дамыту, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды заманауи форматта дәріптеу болып табылады
Осы шаралар аясында наурыз айының 19-ы күні сағат 11:00-де ел аумағындағы мектептерде, қосымша білім беру ұйымдары мен колледждерде «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар акциясы өтеді.
-
-
14.03.2026 | 26
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы: үш жылда 217 жаңа мектеп
-
13.03.2026 | 78
Абай ұлттық мектебі оқушылар қабылдауды бастады
-
12.03.2026 | 127
Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады
-
12.03.2026 | 95
Колледж студенттері тәжірибеден өтіп, өз өндірісін ашты
-
10.03.2026 | 142
Грузиядан 7 жастағы Қазақстан азаматы елге қайтарылды

