Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

15.03.2026 | 17

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен Digital Qazaqstan жобасы аясында кеңес өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен Digital Qazaqstan жобасы аясында кеңес өтті

Құрметті достар!
 
Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен Digital Qazaqstan жобасының жүзеге асырылуы жөнінде жұмыс кеңесі өтті.
 
Ел Президенті мемлекеттік құрылымдарға жасанды интеллект және цифрландыру жылы аясында ауқымды міндеттер жүктеді. Негізгі мақсат – озық технология және жасанды интеллектіні ел өмірінің әр саласына жаппай енгізуді міндеттеді.
 
- Ең алдымен, қолайлы институционалды, құқықтық және іскерлік орта қалыптастыру қажет. Қазақстан - ыңғайлы және озық цифрлық реттеу жүйесін енгізген елдердің қатарында. Біз бұл жұмысты алғашқылардың бірі болып бастадық. Атап айтқанда, елімізде Цифрлық кодекс қабылданды. Жасанды интеллект туралы арнайы заң күшіне енді. Бірақ бұл тек ауқымды жұмыстың басы ғана, мұнымен тоқтап қалмауымыз керек. Әлемде болып жатқан өзгерістердің қарқыны өте жоғары. Оны жақсы білесіздер. Ғылым, білім, технология аса жоғары жылдамдықпен дамып жатыр. Сондықтан нормативтік құжаттарды да дер кезінде жаңартып отыру керек. Бір сөзбен, қазіргі заманда әрбір азаматқа түсінікті және айқын болатын «Цифрлық мемлекет» ұғымын қалыптастыру қажет, яғни Digital Qazaqstan стратегиясы азаматтар мен бизнестің нақты талап-тілегін ескеруге тиіс, - деді Мемлекет басшысы.
 
Осы жиында Мемлекет басшысына Оқу-ағарту министрлігі тарапынан жүзеге асырылып жатқан жүйелі шаралар туралы баяндадым. Бұл бастамалар білім беру сапасын арттыруға, оқу процесін жетілдіруге және мұғалімдердің кәсіби қызметіне қолдау көрсетуге арналған.
 
Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan халық мүддесіне қызмет ететін құжат болуға тиіс деп айқын міндет жүктеді.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки