16.03.2026 | 24
Білім жаңалықтары
16.03.2026 | 23
Жұмысшы мамандықтар қызметіндегі жасанды интеллект

Жұмысшы мамандықтар қызметіндегі жасанды интеллект
Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу үдерісінде жасанды интеллект құралдарын белсенді қолдануда. Колледждердің заманауи шеберханалары мен зертханалары цифрлық технологиялармен толықтырылуда, бұл педагогтың жұмыс сипатын өзгертіп, кадрлар даярлау үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда.
Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 763 колледжде шамамен 556 мың студент білім алуда. Студенттердің 70 пайызы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша тегін оқиды, ал кадрлар даярлауға шамамен 40 мың педагог тартылған.
Осы жұмыс аясында Ағарту министрлігі ChatGPT Edu білім беру платформасын колледждерге кіріктіру жұмысын жүргізуде. Педагогтарға OpenAI Education for Countries халықаралық бағдарламасы бойынша Министрлікке берілген жалпы квотадан 10 000 лицензия бөлінді. Еске салайық, Қазақстан осы бастамаға қосылған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет болды.
ChatGPT Edu педагогтарға сабақ жоспарларын, тесттер мен практикалық кейстерді жедел дайындауға, күрделі техникалық материалдарды қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне бейімдеуге, студенттермен кері байланыс орнатуға көмектеседі. Колледждердің оқу үдерісінде жасанды интеллектті қолдану экономиканың заманауи технологиялық және инновациялық салаларында жұмыс істеу үшін қажетті цифрлық дағдылар мен құзыреттерге ие мамандарды даярлауға ықпал етеді.
Сонымен қатар кадр даярлаудың мазмұны жаңартылуда. Колледждердің білім беру бағдарламаларына заманауи өндірістік технологиялар мен WorldSkills стандарттарына бағдарланған цифрлық модульдер енгізілді. Цифрлық құралдармен толықтырылған заманауи шеберханалар колледждерді жастар үшін тартымды етіп, технологиялық тұрғыдан дамып келе жатқан салалар үшін мамандар даярлауға ықпал етуде.
Жасанды интеллект фотоиллюстрациясы
-
-
14.03.2026 | 80
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы: үш жылда 217 жаңа мектеп
-
13.03.2026 | 144
Абай ұлттық мектебі оқушылар қабылдауды бастады
-
12.03.2026 | 159
Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады

