Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

17.03.2026 | 15

Республикалық балалар суреттері байқауы басталды

Республикалық балалар суреттері байқауы басталды

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы балалар мен жасөспірімдер үшін «Наурыз - жыл басы» атты республикалық сурет байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты - Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық дәстүрлер мен рухани құндылықтарды дәріпте, сондай-ақ Наурызнама онкүндігі аясында көркемдік-эстетикалық шығармашылық саласындағы дарынды балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету.

Байқауға жалпы орта, арнайы, қосымша білім беру ұйымдарының, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 7-18 жас аралығындағы білім алушылары қатыса алады.

Байқау келесі номинациялар бойынша өтеді:
1. «Наурыз және менің отбасым» - үздік сурет;
2. «Наурыз – көктемнің символы» - үздік сурет;
3. «Наурыз және Қазақстан мәдениеті» - үздік сурет.

Өтінімдер 2026 жылдың 16-27 наурыз аралығында smartziyatker.kz платформасында қабылданады. Байқау онлайн форматта өтеді, нәтижелері 2 сәуірде жарияланады.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки