21.03.2026 | 40
Білім жаңалықтары
21.03.2026 | 39
Павлодар облысының 20 мың оқушысы «Қара жорға» биледі

Павлодар облысының 20 мың оқушысы «Қара жорға» биледі
Наурызнама онкүндігі аясында Павлодар облысында «Ынтымақ» күні аталып өтті. Өңірде 20 мың оқушы қатысқан ауқымды флешмоб ұйымдастырды.
«Би – жүректің үні, ұлттың рухы» атты флешмоб аясында оқушылар «Қара жорға» биін бір мезетте билеп, көрермендерге әсерлі көрініс сыйлады. Көктемнің шуақты күнімен астасқан бұл көрініс көрермен жүрегіне жылылық ұялатып, Наурыз мерекесінің мәнін тереңдете түсті.
«Қара жорға» - би ғана емес, ғасырлар қойнауынан жеткен мәдени мұра, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан рухани сабақтастықтың символы. Флешмоб арқылы жас буын ұлттық құндылықтарға деген құрметін білдіріп қана қоймай, ортақ дәстүр аясында біріге алатындарын көрсетті. Бұл игі бастама -жастардың бойында отансүйгіштік сезімді нығайтып, ұлттық мәдениетті дәріптеудің жарқын үлгісі болды.
-
-
20.03.2026 | 56
Жанашыр ұстаз Мария Бедринаға ерекше құрмет көрсетілді
-
18.03.2026 | 92
Көкшетауда 1500 оқушы бір мезетте «Бес асық» ойнады
-
17.03.2026 | 177
Республикалық балалар суреттері байқауы басталды

