23.03.2026 | 18
Білім жаңалықтары
23.03.2026 | 9
Ұлытау облысының мектептерінде 400-ге жуық экобокс орнатылды

Ұлытау облысының мектептерінде 400-ге жуық экобокс орнатылды
"Таза Қазақстан" тұжырымдамасы аясында Ұлытау облысының білім беру ұйымдарында қалдықтарды сұрыптап жинауға арналған 400-ге жуық экобокс орнатылды.
Бүгінде Жезқазған қаласындағы 22 мектепте арнайы жәшіктер орнатылып, оқушылар қағаз, пластик және басқа да қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін күнделікті тәжірибеге енгізе бастады.
Жоба оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, сұрыпталған қалдықтарды тапсыру үшін EcoQolday мобильді қосымшасы арқылы өтінім беру мүмкіндігі қарастырылған.
Айта кетейік, Астана қаласынан кейін мектептерде экобокстарды жаппай орнату тәжірибесін енгізген алғашқы өңірлердің бірі - Жезқазған қаласы. Мұндай бастамалар жас ұрпақтың мектеп қабырғасында экологиялық мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
-
-
23.03.2026 | 10
Ауыл оқушылары - табиғаттың жанашырлары
-
23.03.2026 | 10
Ұлытау облысының мектептерінде 400-ге жуық экобокс орнатылды
-
22.03.2026 | 34
Маңғыстауда «ақылды киіз үй» таныстырылды
-
22.03.2026 | 62
«Ханталапай» сайысына 350 мыңнан астам бала қатысты
-
21.03.2026 | 80
Павлодар облысының 20 мың оқушысы «Қара жорға» биледі

