Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

24.03.2026 | 21

Ақтөбе облысының оқушылары «Наурызнама» онкүндігін дәстүрлер мен бірлік атмосферасында атап өтті

Ақтөбе облысының оқушылары «Наурызнама» онкүндігін дәстүрлер мен бірлік атмосферасында атап өтті

Аймақтың білім беру ұйымдарында ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті және спортты насихаттауға арналған ауқымды шаралар өткізілді. «Наурызнама» онкүндігі оқушылар үшін мәдениет, білім беру бастамалары мен заманауи технологияларды үйлестірген шараларға толы болды. Мәдениет пен ұлттық дәстүрлер күні аясында оқушылар «Қара жорға» биін орындады, шығармашылық қойылымдарға қатысты және дәстүрлі өнер түрлерімен танысты.

Наурыз мейрамын мерекелеу аясында «Шаңырақ» күні отбасылық құндылықтарды насихаттап, үлкендерді құрметтеуге және рухани бірлікті нығайтуға арналды. Оқушылар отбасының қоғамның негізі екенін тереңнен түйсінді.

Ұлттық киім күні аясында оқушылар қазақтың әртүрлі ұлттық киімдерімен танысты, олардың жас ерекшеліктеріне қарай бөлінетінін үйренді, көрмелер мен шеберлік сабақтарына қатысты. Ұлттық спорт күні оқушылар дәстүрлі ойындар - асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ фестиваліне қатысты.

Балалар спорттық шаралар барысында күштің бірлікте екенін және мәдени мұраға құрмет көрсетудің маңызын ұғынды.

Сонымен қатар, өңірде NauryzDigital интерактивті білім беру жобасы жүзеге асырылды. Бұл жоба заманауи технологияларды және шығармашылық тәсілді біріктіріп, оқушылардың цифрлық дағдыларын және креативтілігін дамытуға мүмкіндік берді.

Өңірде өткен әрбір шара ұлттық сана-сезімді нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және халықтың мәдени мұрасына құрметтеу секілді терең мазмұнға құрылды.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки