Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

24.03.2026 | 25

«Bolashaq Start» инновациялық идеялар мен шешімдер экобайқауының үздік жобалары анықталды

«Bolashaq Start» инновациялық идеялар мен шешімдер экобайқауының үздік жобалары анықталды

Bolashaq Start инновациялық идеялар мен шешімдер экобайқауы аясында Ақмола облысында білім алушылардың экологиялық бастамаларын қолдауға бағытталған облыстық байқау өтті. Іс-шара табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға және жастардың жасыл жобаларын дамытуға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды.

Байқауға барлығы 25 жоба ұсынылып, олардың ішінен 13 үздік жоба финалға жолдама алып, шәкірттер өз идеяларын сарапшылар алдында қорғады. Байқауға қатысушылар қазылар назарына қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инновациялық әрі практикалық шешімдерін ұсынды.

Айта кетейік, мұндай бастамалар жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғатты қорғау бағытындағы инновациялық жобаларды қолдауға және өңірдегі жасыл бастамаларды дамытуға ықпал етеді.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки