Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

25.03.2026 | 31

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова республикалық олимпиада жеңімпаздарын марапаттады

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова республикалық олимпиада жеңімпаздарын марапаттады

Елордада 9–11 (12) сынып оқушылары арасында физика және биология пәндері бойынша республикалық олимпиада қорытындыланды. Таным көпбейінді кешенінде өткен жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысты. Сала министрі олимпиаданың бірінші орын игерелеріне алтын медаль табыстады. Республикалық олимпиаданың Астанада өткен қорытынды кезеңіне еліміздің барлық өңірлерінен 300 ден астам оқушы қатысты.

Жиында сөз алған Жұлдыз Сүлейменова физика және биология пәндерінің маңызына тоқтала келе: “Биылғы олимпиада екі бірдей маңызды датамен тұспа-тұс келді. Оның бірі елімізде жаңа Конституция күшіне еніп, ел дамуының жаңа кезеңіне аяқ бастық. Екіншіден, биылғы олимпиада Наурыз мейрамымен қатар келді. Осылайша, республикалық олимпиада жастар үшін жаңа мүмкіндіктер алаңына айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев прогрессивті, білімді жастарға үлкен сенім артады. Мемлекет тарапынан жастарды қолдау үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Халықаралық жүлдегерлерге және олардың ұстаздарына Мемлекет басшысы Касым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен қаржылай біржолғы сыйықы қарастырылған“, -деді.

Республикалық олимпиаданың мақсаты- дарынды оқушыларды анықтау, оларға қолдау көрсету, оқушылардың интеллектуалдық және ғылыми әлеуетін дамыту, сондай-ақ халықаралық зияткерлік жарыстарға қатысатын қазақстандық құраманы жасақтау.

Биыл жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне еліміздің барлық өңірлерінен 360 мыңнан астам оқушы қатысты. Олардың арасынан 1636 оқушы республикалық кезеңге жолдама алып, өз білімдерін түрлі бағытта дәлелдеуге мүмкіндік алды. Жаратылыстану-математика бағытында 930, ал қоғамдық-гуманитарлық бағытта 706 оқушы бақ сынады. Ауыл мектептерінің республикалық олимпиадасында 73 жеңімпаз анықталды.

Сайысқа қатысушылардың жартысына жуығы (45%) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ алтын, күміс және қола медальдармен марапатталады.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки