Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

27.03.2026 | 11

География және химия пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды

География және химия пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды

Алматы қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы география және химия пәндері бойынша жалпы білім беретін пәндерден 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды.

Бұл кезеңге барлығы 309 оқушы қатысады. 157 оқушы география, тағы 152 оқушы химия пәні бойынша бақ сынайды. Олимпиада сәуір айының 1-і күні қорытындыланады.

Олимпиада барысында қатысушылар географиялық талдау, табиғи және әлеуметтік-экономикалық процестерді түсіндіру, сондай-ақ күрделі химиялық есептер мен тәжірибелік тапсырмаларды орындау бойынша білімдерін сынайды.

Зияткерлік сайыстың негізгі мақсаты - дарынды оқушыларды анықтау, олардың ғылыми әлеуетін дамыту және халықаралық олимпиадаларға дайындалатын ұлттық құраманы қалыптастыру.

Пәндік олимпиада қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар ұлттық олимпиадалық резерв құрамына қабылданып, еліміздің намысын халықаралық білім додаларында қорғауға мүмкіндік алады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі еліміздің алты өңірінде ұйымдастырылуда.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки