Білім жаңалықтары
01.04.2026 | 25
Қазақстанда оқушылардың мамандық таңдауына қатысты мониторинг басталды

Қазақстанда оқушылардың мамандық таңдауына қатысты мониторинг басталды
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ел мектептерінде кәсіптік бағдар беру жүйесіне кешенді мониторинг жүргізеді.
Мониторингтің басты мақсаты оқушыларға көрсетілетін кәсіптік бағдарлау жұмысының тиімділігін бағалау және оның олардың болашақ білім беру бағытын таңдауға нақты әсерін анықтау. Зерттеу қорытындысы мектептер арасындағы айырмашылықтарды көрсететін салыстырмалы деректер қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мониторинг екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:
Бірінші бағыттағы жұмыс «Келешек мектептері» желісіндегі білім беру ұйымдарын қамтиды. Бұл мектептерде 7-9 сынып оқушылары «Smart Bolashaq» корпоративтік қорының цифрлық платформасы арқылы тестілеуден өтеді. Тестілеу олардың қабілеті мен бейімін анықтауға бағытталған. Оқушылар тестілеуді ұялы телефон арқылы да тапсыра алады, ал ұйымдастыру-техникалық сүйемелдеу тегін қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар 7-9 сынып оқушыларының ата-аналары арасында сауалнама жүргізіліп, олардың кәсіптік бағдар беру жүйесі туралы хабардарлығы мен бұл үдеріске қатысу деңгейі бағаланады.
Екінші бағыт ауыл мектептерін қамтиды. Өңірлік іріктеме негізінде 8-9 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізіліп, олардың кәсіби бағдарға қатысты көзқарастары мен қажеттіліктері зерделенеді.
Мониторинг нәтижелері мектептердегі кәсіптік бағдар беру жүйесін жетілдіруге, тиімді тәжірибелерді анықтауға және оқушылардың саналы түрде мамандық таңдауына жағдай жасауға бағытталған шешімдер қабылдауға негіз болмақ.
-
-
31.03.2026 | 70
Оқу-ағарту министрлігінде жаңа Конституцияны талқылау өтті
-
31.03.2026 | 61
Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау тәртібі өзгерді
-
28.03.2026 | 158
«Келешек мектептері» жобасының даму бағыттары айқындалды
-
27.03.2026 | 146
Қазақстандық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

