06.04.2026 | 50
Білім жаңалықтары
06.04.2026 | 37
9-11(12) сынып оқушыларына арналған «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми конкурс басталады

9-11(12) сынып оқушыларына арналған «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми конкурс басталады
Сәуір айының 8-12 аралығында Астана қаласындағы №115 орта мектеп базасында 9-11(12) сынып оқушыларына арналған «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурс өтеді. Ғарышкерлер күні мен Ғылым күніне орай ұйымдастырылатын зияткерлік шараға Қазақстанның барлық өңірінен, сондай-ақ Қытай мен Түркиядан 200 дарынды оқушы қатысады.
Ғылыми конкурстың негізгі мақсаты дарынды балаларды қолдау, балалар мен жасөспірімдер арасында ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылықты арттыру. Жарыстың мақсаты сонымен қатар отандық және әлемдік ғарыштық жетістіктерді насихаттау және ғарыштық және ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
Конкурс үш бағытта өтеді:
• наноспутниктерді жобалау, құрастыру және стратосфераға ұшыру
• жасанды интеллект пен коммерциялық компоненттерді қолдана отырып ғарыштық жобаларды әзірлеу,
• су және модельдік зымырандарды жобалау, құрастыру және ұшыру.
Ғылыми конкурстың ережесіне сәйкес қорытынды кезеңнің қатысушылары Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және «Дарын» републикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен марапатталады.
-
-
02.04.2026 | 170
Қазақстандық колледж NCCER аккредитациясынан сәтті өтті

